Friday 7 August 2020
Home      All news      Contact us      казахский
azattyq - 27 days ago

Ауруханадағы еріктілер дәрі тапшылығын айтып шарт қойды, денсаулық министр жауап берді

Коронавирус пандемиясы кезінде дәрігерлерге ерікті ретінде көмектесіп жатқан Алматы тұрғыны Аида Букаева Қазақстан денсаулық сақтау министріне эмоцияға толы үндеу жолдап, стационарлар мен провизорлық ауруханаларда дәрі тапшы екенін айтты. Facebook желісінде жарияланған видеоүндеуде Букаева шенеуніктердің дәрі жеткілікті деген сөзін “жалған” деп атады. “Егер кімде-кім сізге ауруханалардың бәрі дәрімен қамтамасыз етілген деп айтса, оның бәрі өтірік. Ешкімге сенбеңіз, бізде видеоматериал жетеді” деді Букаева. Букаеваның сөзінше, ол өзге еріктілермен бірге науқастардың туыстары әкелген дәрі-дәрмекті “палатаға дейін” жеткізумен айналысады. “Дәріхана алдындағы кезек – стационарлар мен провизорлық ауруханалардағы дәрі тапшылығының салдары. Егер бәрі жеткілікті болса, кезек болмас еді. Адамдар дәрі іздеп, көше кезіп кетті” деді ол. Ерікті министрді “шара қабылдауға” шақырып, болмаса ауруханалардағы жағдайды көрсететін видеоматериалдарды жариялайтынын айтты. Facebook-тегі өзге жазбасында Букаева Алматыдағы провизорлық ауруханаларда (коронавирусты жұқтыруы мүмкін деген адамдарды жатқызатын орын) 60 науқасқа бір дәрігер және екі мейіргер келетінін, оларда қорғаныс жабдықтары жоғын айтты. Бірнеше сағаттан соң Қазақстан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook желісінде Букаевамен сөйлескенін, медициналық мекемелердегі ахуалды бағалау үшін және ұсыныстар әзірлеу үшін “халықтық бақылау” топтарын құру бастамасын хабарлады. Цой Букаеваның “осы бағытты алып, өңірлерге баруға” келіскенін, министрліктің осы жұмысқа араласуға дайын адамдарға іздеу салғанын жазды. Қазақстанда ауруханадағы орын тапшылығы, дәрігерлердің жетіспеуі, дәрі тапшылығы, оның қымбаттығы туралы шағымдар кейінгі апталарда тұрақты айтылып келеді. Елде жаз басталғалы COVID-19 індеті өршіп, белгілері коронавирустікіне ұқсайтын ПТР нәтижесі теріс пневмония жағдайлары күрт артқан. Ресми дерекке сәйкес, коронавирус инфекциясын елде барлығы 56 445 адам жұқтырған. Жұма 10 шілдедегі үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде коронавирустан 313 адамның көз жұмғанын айтты. Ол сондай-ақ 1-8 шілде аралығында белгілері коронавирустікіне ұқсайтын пневмонияға 39 702 адам шалдыққанын хабарлады. Министрліктің дерегінше, маусым айында елде пневмониядан 628 адам қайтыс болған. Қазақстандықтар коронавирус инфекциясы жөніндегі ресми статистиканың дәлдігіне күмән келтіреді. Кеше 10 шілдедегі үкімет отырысында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биліктің “ешнәрсе жасырып отырмағанын” айтты.


Latest News
Hashtags:   

Ауруханадағы

 | 

еріктілер

 | 

тапшылығын

 | 

айтып

 | 

қойды

 | 

денсаулық

 | 

министр

 | 

жауап

 | 

берді

 | 
Most Popular (6 hours)

Most Popular (24 hours)

Most Popular (a week)

Sources