Monday 21 September 2020
Home      All news      Contact us      казахский
azattyq - 2 month ago

SIGAR есебі: Ауғанстан пандемия салдарынан гуманитарлық апатқа жақындап қалды

Коронавирус пандемиясы салдарынан Ауғанстанның миллиондаған тұрғыны кедейшілікке тап болып, елде азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі пайда болды. Соғыс салдарынан күйреп қалған денсаулық сақтау жүйесі пандемия кезінде түскен жүкті көтере алмай жатыр. Бұл туралы Ауғанстанды қалпына келтіру бойынша арнайы бас инспектор (SIGAR) офисінің маусымдық есебінде айтылған. Ауғанстанға коронавирус індеті ақпан айында келді. Ол кезде мыңдаған ауғандық Covid індеті ушығып тұрған Ираннан оралған болатын. Бес айдың ішінде вирус бүкіл елге тарап кеткен. Пандемиядан келген экономилық шок, оның ішінде жұмыссыздықтың артуы, шекараның жабылуына байланысты азық-түлік тасымалы қиындап, бағаның өсіп кетуі ауғандардың азық-түлік қауіпсіздігін қиындатып жіберді. Азық-түлік мәселесі ұзаққа созылған әскери шиеленіс пен кедейшілік есебінен пандемиясыз-ақ күрделі болатын , делінген SIGAR есебінде. Инспектордың офисі сарапшылардың қорытындыларын, БАҚ басылымдарын зерттеп, өз талдауын жүргізіп жатыр. SIGAR есебінде әрбір үшінші ауған тұрғыны дағдарыс жағдайына түсіп, азық-түлік тапшылығымен бетпе-бет келіп отыр. Елде 32,2 миллион адам тұрады.


Latest News
Hashtags:   

SIGAR

 | 

есебі

 | 

Ауғанстан

 | 

пандемия

 | 

салдарынан

 | 

гуманитарлық

 | 

апатқа

 | 

жақындап

 | 

қалды

 | 

Sources