Tuesday 22 September 2020
Home      All news      Contact us      казахский
azattyq - 2 month ago

Қытай елшісінің сөзіне наразы болып пикетке шыққан тұрғын 15 күнге қамалды

3 тамызда Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдында пикет өткізген тұрғын Серік Әжібай 15 күнге қамалды. Ол Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоның екі ел арасындағы әскери әріптестік туралы айтқан мәлімдемесіне наразы болып, акцияға шыққан еді.  Сот қаулысында Әжібайдың консулдық алдында заңсыз шара өткізгені , полиция қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны , қарсылық ретінде қолдарын жіппен байлап, алқаға байлағаны жазылған. Сот оны Әкімшілік кодекстің 488-бап 6-бөлімі бойынша кінәлі деп тапқан.  Әжібай өзіне тағылған айыптарды мойындамаған. Сот отырысы кезінде акция өткізу үшін рұқсат керек емес деп санайтынын, өз пікірін жеткізгісі келгенін айтқан. Істі судья Олжебаева қараған.  Пикет куәгері Байболат Күнболатұлының айтуынша, 3 тамызда Әжібайға телефонмен хабарласқан кезде 15 күнге қамалғанын айтып үлгерген. Сот шешімі қолына тимеген.  Видео: Тұрғын Қытай елшісінің әскер туралы сөзіне қарсы пикетке шықты. Полиция оны ұстап әкетті (3 тамыз 2020 жыл). Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо жақында жергілікті басылымдардың біріне берген сұхбатында Қазақстан мен Қытай арасындағы әскери әріптестік туралы айтып, екі елдің қарулы күштері үш зұлымдықпен (терроризм, экстремизм және сепаратизм) күресіп, аймақтағы түрлі-түсті революция жасауға қарсы шығады деп мәлімдеген еді.


Latest News
Hashtags:   

Қытай

 | 

елшісінің

 | 

сөзіне

 | 

наразы

 | 

болып

 | 

пикетке

 | 

шыққан

 | 

тұрғын

 | 

күнге

 | 

қамалды

 | 

Sources