Tuesday 22 September 2020
Home      All news      Contact us      казахский
azattyq - 2 month ago

Полиция Мамай жақтастарын Ақордаға жолатпады, бірақ несиені кешіру туралы өтініштер тапсырылды

4 тамызда Нұр-Сұлтанда белсенді Жанболат Мамай бастаған Демократиялық партия құрғысы келетін бастама топ өкілдері Ақордаға барып, несиені кешіру туралы 97 мыңнан астам тұрғынның өтінішін тапсырмақ болды. Жиналғандар арасында көп балалы аналар, партияға қатысы жоқ адамдар да болды. Бірақ полиция мен арнайы жасақ өкілдері оларды Ақордаға қарай жібермеді. Полиция қызметкерлерінің саны жиналған азаматтардан әлдеқайда көп болды. Олар айналаны қоршап, әр жерде бірнеше автозактар дайын тұрды. Шамамен 40-50 шақты адам Ақордаға айналып бармақ болған кезде де полиция қызметкерлері бөгеп, әрі қарай өткізбеді. Олар карантин талаптарына байланысты Ақордаға өтуге болмайтынын жеткізді.  Ақордаға апаратын жолда жұрт жиналып тұрған кезде ақыры президент әкімшілігі кеңсесінің өкілі келіп, мән-жайды сұрады. Демпартия өкілдері оларға 97 мыңнан астам адамның өтініші жазылған бума-бума хаттарды тапсыруға келгенін айтты. Олардың айтуынша, бұған қоса электронды түрде толтырылған өтініштер де бар. Президент әкімшілігі кеңсесінің өкілі оларды қабылдап алатынын айтып, карантин талаптарына байланысты жиналғандар арасынан бірнеше адамның ғана кеңсе ішіне кіруіне рұқсат берді. Президент әкімшілігінің өкілі кешке дейін демпартияның екі өкілімен өтініштерді санап шығатынын, қабылданғаны туралы квитанция беретінін айтты. Тек осыдан соң жиналған топ тарай бастады.  Былтырдан бері Демократиялық партия құруға талпынып, жақтастарын жинап жүрген саясаткер Жанболат Мамай соңғы уақытта несие кешіру туралы бастаманы жиі көтеріп жүр. Биыл індетке байланысты жұмыс орындары тоқтап, табыссыз қалған азаматтар саны көбейген шақта Мамай Азаттыққа берген сұхбатында жұрт несиені қымбат автокөлік немесе керексіз дүние сатып алуға емес, күнделікті қарызын жабуға алып отыр, бұл идеяға қарсыларды кездестірмедім деген еді. Кейбірі мұны популистік идея деп атаса, кейбірі қолдаған.  Былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылардың несиесінен 300 мың теңге кешірген кезде  салық төлеймін, несиемді де жауып отырмын, менің төлеген салығымнан басқа адамның несиесін төлеуге қарсымын дегендер де болған. 2019 жылы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл соңына дейін жеңілдік алуға құқығы бар қосымша 57 мыңға жуық адамның несиесі кешіріледі деп мәлімдеген еді. Оқи отырыңыз: Билік кешірген кредит біреуді қуантып, біреуді мұңайтты


Latest News
Hashtags:   

Полиция

 | 

Мамай

 | 

жақтастарын

 | 

Ақордаға

 | 

жолатпады

 | 

бірақ

 | 

несиені

 | 

кешіру

 | 

туралы

 | 

өтініштер

 | 

тапсырылды

 | 

Sources