Tuesday 22 September 2020
Home      All news      Contact us      казахский
azattyq - 2 month ago

Ливан астанасы Бейрутта үлкен жарылыс болды

4 тамызда Ливан астанасы Бейрут қаласындағы теңіз портында үлкен жарылыс болды. Интернетте тараған видеода жарылыс болған аймақтан қою түтін көрінеді. Апат болған аймақта көптеген ғимарат қирағаны байқалады. Көшеде аударылған көліктер, шағылған терезелер, кірпіш, тастар жатыр. Қалада автокөлік қозғалысы да бұзылды. CNN телеарнасының тілшісінің хабарлауынша, жарылыс аймағынан бірнеше шақырым жердегі үйлердің де терезесі сынған. Тілшілердің сөзінше, CNN арнасының Бейруттағы бюросында жарылыс жер сілкінісіндей сезілген. Жарылыстың себебі белгісіз. Көптеген адамның жараланғанын хабарлады. Билік қаза тапқандар да болуы мүмкін деп қауіптенеді. ВВС телеарнасы бұл жарылыс БҰҰ-ның трибуналында 10 жыл бұрын Ливанның экс-премьері Рафик Харириді өлтірді деп айыпталған төрт адамның соты қарсаңында болды деп хабарлады. Төрт айыпталушы да Хезболла тобының мүшесі. Олар өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарады. Сот шешімі жұма шығуы тиіс. Интернетте тараған видеоларда бірінші жарылыстан кейін тағы да жарылыс болғаны байқалады.


Latest News
Hashtags:   

Ливан

 | 

астанасы

 | 

Бейрутта

 | 

үлкен

 | 

жарылыс

 | 

болды

 | 

Sources