Sunday 27 September 2020
Home      All news      Contact us      RSS      казахский
azattyq - 2 month ago

Ливан билігі жарылысқа байланысты 16 адамды қамауға алды

Ливан билігі Бейрут портындағы ірі жарылысқа байланысты 16 адамды қамауға алды. Премьер-министр Хасан Диаб кінәлілерді жауапқа тартуға уәде берді. Ұсталғандар арасында порт басшысы Хасан Корайтем де бар. Associated Press агенттігінің жазуынша, тергеушілер 7 тамызда одан жауап алмақ. Орталық банк бірнеше адамның – Корайтем мен кеден департаменті басшысының да есепшоттарын бұғаттады. Денсаулық сақтау министрі 4 тамыз күні болған жарылыстан кемінде 137 адам қайтыс болғанын хабарлады. Ондаған адам із-түзсіз жоғалған және кемінде 5 мың адам жарақаттанған. Қауіпсіздік күштеріндегі дереккөзге сүйенген ақпарат агенттіктері 6 тамыз кешке қаза болғандар санының 145-ке жеткенін жазды. 6 тамызда жарылыс болған аумақта болған Франция президенті Эммануэль Макрон жарылысты халықаралық деңгейде зерттеуге шақырды. Жарылысқа портта жылдар бойы сақталып келген аммиак селитрасы себеп болған деп айтылады. Видео: Бейруттағы жарылыс қалай болды? (4 тамыз 2020 жыл).  


Latest News
Hashtags:   

Ливан

 | 

билігі

 | 

жарылысқа

 | 

байланысты

 | 

адамды

 | 

қамауға

 | 

Sources