Monday 21 September 2020
Home      All news      Contact us      казахский
azattyq - 2 month ago

Талғар қаласында кәсіпкерлер базарды ашуды талап етті

7 тамызда Алматы облысы Талғар ауданында елуге жуық кәсіпкер жергілікті әкімдік ғимаратының алдына жиналып, биліктен қала орталығындағы Тәуіп базарын ашуды талап етті.  Жиналғандардың бірі, жеке кәсіпкер Асылбек Қарабаевтың айтуынша, екі күн бұрын осыған ұқсас наразылық жиыны өткен. 5 тамыз күнгі шарада әкімдік өкілдері 7 тамыздан бастап базарлар ашылады деп уәде берген. Алайда уәдені орындамаған.  Тағы бір кәсіпкер Ұятхан Бектемірованың сөзіне қарағанда, Тәуіп базары көктемде індет басталып, төтенше жағдай жарияланған кезде наурыз айынан 20 мамырға дейін жабық болған. – Маусым-шілде айларында да толық істемедік. Адамдар ең көп келетін сенбі, жексенбі күндері жабық тұрды. Енді тамыздың 17-сіне дейін екі апта тағы жабық болады дейді. Біз бұған қарсымыз. Өйткені бізден басқа базарлар ашық тұр. Жабық тұрған екі айда да, осы жолы да үкімет тарапынан берілген әлеуметтік көмекті (42 500 теңге) алған жоқпыз, – дейді Ұятхан Бектемірова.  Жиналғандардың алдына аудан әкімінің орынбасары Дәркен Нұржанов шықты. Ол облыста вирус жұқтырғандар саны қайта көбейіп, эпидемиологиялық ахуал күрделенгенін айтты. Екі күн бұрын облыста 44 науқас тіркелсе, 6 тамызда олардың саны 64-ке жеткен. Соның салдарынан облыстың бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарып, 7 тамыздан бастап, барлық ашық-жабық құрылыс және киім-кешек базарларын жабу қажеттігін айтқан.  – Егер көрсеткіш қайтадан азайса базарларды ашамыз. Бұл біздің емес –  облыстың шығарған қаулысы, – деді Нұржанов.  Дегенмен аудан әкімі кәсіпкерлерге карантин кезінде табыссыз қалғандарға берілетін әлеуметтік көмекті алуға жәрдемдесетінін айтты. Бұдан соң кәсіпкерлер жергілікті билік өкілдерімен бірге қаладағы сауда нысандарын аралап көрді. Қала орталығында ашық тұрған кейбір құрылыс базарларына жергілікті билік нысанды жабу қажеттігін айтып ескертті.  Аудан орталығында үлкен-кішілі 9 базар жұмыс істейді. 7 тамыз күнгі ақпарат бойынша, Талғар ауданында короновирус жұқтырған бір адам, пневмониямен 8 адам ауруханаға жатқызылған. Шілде айының соңында аудан әкімі Жолан Омаров пневмониядан көз жұмған болатын.


Latest News
Hashtags:   

Талғар

 | 

қаласында

 | 

кәсіпкерлер

 | 

базарды

 | 

ашуды

 | 

талап

 | 

Sources