Tuesday 22 September 2020
Home      All news      Contact us      казахский
azattyq - 1 month ago

Денсаулық министрлігі коронавирустық пневмонияға шалдыққандар күрт азайғанын хабарлады

Қазақстанда 9 тамызда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 159 адамнан анықталған. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 1011 болатын. Министрлік дүйсенбі күнгі хабарламасында көрсеткіштің күрт азаюының себебін түсіндірмеген.  Бірақ соған қарамастан пневмониямен байланысты адам өлімі азаймай отыр. Аурудың бұл түрінен бір күнде 12 адам қайтыс болған.  Қазақстан үкіметі коронавирустық пневмония есебін 1 тамыздан бастап жүргізіп отыр. Тамыздың басынан осы күнге дейін пневмонияның бұл түрі 13 280 адамнан анықталған. Осы аралықта аурудан 164 адам қайтыс болған. Жаз айларында елде пневмонияға шалдығу мезгілсіз өршіп кетті. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан тамызға дейін ауруға 256 мың адам шалдыққан. Бұл – өткен жылдың алғашқы жеті айымен салыстырғанда 3,3 есе көп көрсеткіш. Былтыр осы аралықта өкпе ауруынан 2,3 мың адам қайтыс болса, биыл төрт мыңнан астам адам көз жұмған. Жергілікті медицина мамандарының қысымы мен халықаралық қауымдастықтың назарынан кейін Қазақстан билігі 17 шілде күні 1 тамыздан бастап коронавирус пен ауру белгілері бойынша соған ұқсайтын пневмония дерегін біріктіріп жариялауға уәде етті. Алайда 2 тамыздан бастап жарияланған пневмония дерегі коронавирус статистикасынан бөлек жарияланды.  Коронавирус статистикасына тамызға дейін тіркелген 256 мың пневмония жағдайының бір де бірі кірмеді.


Latest News
Hashtags:   

Денсаулық

 | 

министрлігі

 | 

коронавирустық

 | 

пневмонияға

 | 

шалдыққандар

 | 

азайғанын

 | 

хабарлады

 | 

Sources