Tuesday 11 December 2018
Home      All news      Contact us      казахский
azattyq - 25 days ago

Апаттан соң Союз зымыраны алғаш рет ұшырылды

Халықаралық ғарыш станциясына Прогресс МС-10 жүк кемесін жеткізуге арналған Союз-ФГ зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды. Ресейдің Роскосмос мекемесі зымыранның ұшырылған сәтін YouTube арқылы тікелей желіде көрсетті. Бұл өткен айда Байқоңырдан ғарышқа аттанған Союз-ФГ зымыран тасығышы апатқа кезіккен соң ұшырылып отырған алғашқы зымыран. Ұшуды басқару орталығы зымыранның барлық жүйелері қалыпты жұмыс істеп тұрғаны және үш сатысы түгелдей сәтті ажырағаны туралы хабарлады. Жоспар бойынша, Прогресс МС-10 жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясымен қарашаның 18-інде түйіспек. Кеме ғарыш станциясына 2,5 тоннаға жуық жүк жеткізеді. Әу баста Прогресс жүк кемесі қазанның 30-ында ұшырылады деп жоспарланған. Бірақ, Союз-ФГ зымыраны апатынан кейін оны ұшыруды кейінге қалдырған. Қазанның 11-і күні Байқоңырдан Союз МС-10 кемесін тіркеп ұшқан Союз-ФГ зымыран тасығышы апатқа ұшыраған. Әуеге көтерілген соң көп ұзамай апаттық жүйе іске қосылып, соның арқасында ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг отырған капсула Байқоңырдан шамамен 500 километр қашықтыққа қонған. Роскосмос мәліметінше, апат зымыранның бірінші және екінші басқышын ажырататын датчиктің дұрыс жұмыс істемеуінен болған.

Related news

Latest News
Hashtags:   

Апаттан

 | 

зымыраны

 | 

алғаш

 | 

ұшырылды

 | 
Most Popular (6 hours)

Most Popular (24 hours)

Most Popular (a week)

Sources