Tuesday 11 December 2018
Home      All news      Contact us      казахский
azattyq - 25 days ago

Қызылорда өңірінде автобус апатынан 3 адам қаза болған

Қарашаның 16-сы күні Қызылорда қаласынан 130 шақырым қашықтағы Самара - Шымкент тасжолында екі жолаушы автобусы соқтығысып қалған. Төтенше оқиға Қармақшы ауданы Ақжар ауылының маңында болған деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Апат салдарынан үш адам қаза болған, оның біреуі – бала. Қазалы - Қызылорда және Қызылорда - Қармақшы бағытындағы екі автобуста 86 адам болған. 74 жолаушыға медициналық көрмек көрсетілді, олардың 29-ы аурухана жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды. Екі адам жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тауып, ауыр жарақат алған бала ауруханада жан тапсырды , - деп хабарлаған бүгін брифингте Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Олжас Искаков. Оның сөзінше. жергілікті билік жол-көлік апатынан қаза болғандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетуге кіріскен. Полиция жол-көлік оқиғасының себебін анықтап жатыр.

Related news

Latest News
Hashtags:   

Қызылорда

 | 

өңірінде

 | 

автобус

 | 

апатынан

 | 

болған

 | 
Most Popular (6 hours)

Most Popular (24 hours)

Most Popular (a week)

Sources