Tuesday 11 December 2018
Home      All news      Contact us      казахский
azattyq - 24 days ago

Еуродепутаттар Amazon-ды совет символын сатпауға шақырды

Еуропа парламентінің депутаттары америкалық Amazon компаниясының басшысы Джефф Безосты тауар белгілеріндегі советтік символдан арылуға шақырды. Депутаттар әлемдік интернет көшбасшыларының бірінің мұндай символды таратуы советтік режим құрбандарын құрметтемеу болады деп санайды Арасында бұрынғы СССР ықпалында болған елдердің өкілдері де бар Еуропарламенттің 27 депутаты ашық хатта бүгінде келмеске кеткен Совет одағымен байланыстырылатын орақ пен балға белгісі бар тауарларды Amazon платформасында сатуды доғаруды талап еткен. Хатта әлгіндей белгі мысалы, жейделерде, костюмдерде, тулар мен кәдейсый ретінде сатылатын тауарларда бары айтылған. Еуропалық депутаттар ашық хатта советтік режим құрбандарының саны 60 миллионды құрайтынын, ал СССР-де тағы 10 миллион адамның депортацияланғанын, қуғын-сүргінге ұшырағандардың «адам төзгісіз жағдайда мәжбүрлі жұмысқа жегіліп, аштық пен психологиялық қысымнан азап шеккенін» атап көрсеткен. Оқи отырыңыз: Санадағы совет символдары Қыркүйек айында америкалық ең ірі көтерме және бөлшек сауда желісі Walmart тұтынушылар тарапынан айтылған сыннан кейін орақ пен балға белгісі бар киімдерді сатуды доғаратыны туралы мәлімдеген.

Related news

Latest News
Hashtags:   

Еуродепутаттар

 | 

Amazon

 | 

совет

 | 

символын

 | 

сатпауға

 | 

шақырды

 | 
Most Popular (6 hours)

Most Popular (24 hours)

Most Popular (a week)

Sources