Tuesday 11 December 2018
Home      All news      Contact us      казахский
azattyq - 23 days ago

Франциядағы наразылық: бір кісі өліп, 400 адам зардап шеккен

Францияда жанармай бағасын көтеруге жаппай наразылық акциялары кезінде кемінде бір адам қаза тауып, 400 адам зардап шеккен. Наразы топқа абайламай кіріп кеткен автокөліктің астында қалған әйел опат болған. Жарақат алғандардың арасындағы 28 адам - өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері мен жандармдар деп хабарланды. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, бүкіл ел көлемінде наразылық акцияларына 280 мыңнан астам адам қатысқан. Кеуделеріне арнайы жилет киген наразылар автокөлік жолдары мен жанармай бекеттеріне кіреберісті жауып, көлік қозғалысын тоқтатқан. Билік 117 адамды ұстап, 73 адамды тұтқындаған. Қарашаның 17-і күні кешкісін Парижде президент сарайына баруға әрекет жасаған наразыларға полиция көзден жас ағызатын газ шашқан. Франция билігінің 2019 жылы дизель отыны мен бензинге салық мөлшерін көбейту туралы шешімі тұрғындардың қарсылығын туғызған. Үкімет ауаны ластауға қарсы күрес мақсатында қабылдаған шешімінен бас тартпайтынын мәлімдеген.

Related news

Latest News
Hashtags:   

Франциядағы

 | 

наразылық

 | 

зардап

 | 

шеккен

 | 
Most Popular (6 hours)

Most Popular (24 hours)

Most Popular (a week)

Sources