Thursday 27 February 2020
Home      All news      Contact us      казахский
azattyq - 14 days ago

Әкімдік алдында жалғыз адамдық пикет өткізген белсендіні полиция алып кетті

14 ақпанда түс кезінде бейбіт митинг өткізуге рұқсат беруді талап етіп, Алматы қаласы әкімдігінің алдында жалғыз адамдық пикетке шыққан Асхат Жексебаевты полиция ұстап әкетті деп хабарлады оқиға орнынан Азаттық тілшісі. Оны Бостандық аудандық полиция басқармасына алып кеткен.  Ұсталмай тұрып Асхат Жексебаев Азаттық тілшісіне өзінің митинг өткізуге рұқсат сұрап, төртінші рет өтініш беріп отырғанын, бұған дейін ешқайсысына рұқсат берілмегенін айтты. Конституцияда көрсетілген пікір айту құқығының бұзылып жатқанын жеткізді. Ол бір адамдық пикеттерге шығып жүрген азаматтық белсенділерді де босатуды талап етті. Асхат Жексебаевтың айтуынша, 13 ақпанда сот Алматыда жалғыз адамдық пикет өткізіп жүрген белсенді Дархан Уәлиевті 15 күнге қамаған. Жарты сағат бойы әкімдіктен ешкім шыққан жоқ. Есесіне полиция көлігі келіп, белсендіні ұстады.  Бостандық аудандық полиция бөлімінің кезекші қызметкері Олжас Әзілқожаев Азаттыққа Асхат Жексебаев есімді азаматтың әзірге жеткізілмегенін айтты.  (Жаңалық толықтырылады).  


Latest News
Hashtags:   

Әкімдік

 | 

алдында

 | 

жалғыз

 | 

адамдық

 | 

пикет

 | 

өткізген

 | 

белсендіні

 | 

полиция

 | 

кетті

 | 
Most Popular (6 hours)

Most Popular (24 hours)

Most Popular (a week)

Sources