Sunday 5 April 2020
Home      All news      Contact us      казахский
azattyq - 9 days ago

Алматыда жеті адамнан коронавирус табылды

27 наурыз таңертеңгі сағат 7.50-дегі дерек бойынша, Алматыда тағы жеті адамнан коронавирус табылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Елде қазір 120 адамға вирус жұққаны анықталды: Алматыда - 47 адам, Нұр-Сұлтанда - 61 адам, Қарағандыда - төрт адам, Жамбыл облысында - үш адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам. 26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда бір әйел адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. 25 наурызда Алматыда бір, Нұр-Сұлтанда бір науқас дертінен айыққан еді. Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті. Ал 28 наурыздан бастап елдегі ірі үш қалада - Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте шектеулер күшейеді: Енді үш қаладағы жұрт жұмысқа, азық-түлік және дәрі алуға ғана шыға алады. Парк, жаяу жүргіншілер көшесі, жағалаулар, ойын алаңдары жабылады. Қоғамдық көліктердің жұмысы шектеле бастайды. Қоғамдық орындарда үш адамнан артық жиналуға болмайды. Бұл шектеудің бір отбасының адамдарына қатысы жоқ. Балалар ересектерсіз көшеге шығуға тыйым салынады. Өткен жылдың соңында Қытайда алғаш рет тіркелгелі бері әлемде коронавирус жұқтырғандар жарты миллионға жуықтап қалды. АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінше, 27 наурызда әлемде вирус жұқтырғандар 530 мыңнан асты. 24 мыңнан аса адам қаза болып, 120 мыңнан астам науқас дерттен айықты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 коронавирусын пандемия деп жариялаған.


Latest News
Hashtags:   

Алматыда

 | 

адамнан

 | 

коронавирус

 | 

табылды

 | 
Most Popular (6 hours)

Most Popular (24 hours)

Most Popular (a week)

Sources