Saturday 11 July 2020
Home      All news      Contact us      казахский
azattyq - 1 month ago

Нұр-Сұлтанда мүгедек баласы бар әйелдер үй кезегіне бөлек қоюды талап етті

2 маусым күні Нұр-Сұлтанда қала әкімдігі жанындағы Жанұя отбасын қолдау орталығына елуден астам әйел жиналып, биліктен мүгедектігі бар балаларды үй кезегіне бөлек қоюды талап етті. Арасында жалғыз басты аналар да бар.  Олар қолдарына орыс тілінде жазылған Мүгедек балаларға бөлек кезек сынды талаптар жазылған плакаттар ұстап келген. Жиналған әйелдердің айтуынша, кейбірінің мүгедектігі бар баласы кәмелет жасқа толып, оларды үй кезегінен шығарып тастаған. Баспана мәселесін қозғап келген аналардың бірі Назгүл Сағитова өзімен бірге сегіз жасар мүгедек баласын ала келген. Сағитова жалдамалы пәтерді босатуы керегін, оған беретін ақшаны балаға қажетті аппарат алуға жұмсауға мәжбүр екендігін ашына айтты. Ал Роза Сәменованың жеті жасар мүгедек ұлы Мұхаммад өткен айда көз жұмғанын айтады. Ол бұл жиынға марқұм баласы тәрізді басқа мүгедек балалардың құқығы үшін күресуге келдім дейді. - Бізге күт деді. Біз мәдени түрде үндемей күттік. Назарбаев менің жастығымды ұрлады деп анық айта аламын. Әкімдері бар, министрі бар түрлі орындалмайтын уәде береді. Бізбен кездесуге мәселені шеше алатын лауазымдылар емес, әбден қартайған депуттаттар келеді. Олардың барлығы біз төлейтін салықтың есебінен жалақы алады. Қазақстан – бай ел. Мұнда балалар өлмеуі керек. Мүгедек болса да, бұл балалардың өмір сүруге құқығы бар. Ал олар біздің баламыз өліп қала ма деп соны күтеді, - деді ол. Полиция жасағы әйелдер келген Жанұя орталығын бақылап тұрды.  Мүгедек баласы бар әйелдердің талабын тыңдауға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылысты дамыту департаментінің бастығы Руслан Лепесов келді. Басында телефонына үңіліп, оңаша тұрған Лепесовті наразы әйелдер дауыстап орталарына шақырды. Министрлік өкілі әйелдер талабымен толық келісетінін, кейбір заңнамаларға өзгеріс енгенін айтты. - Енді мүгедек бала 18 жасқа толып кетсе де, үй кезегінен алынбайды. Президент ұсынысымен жыл соңына дейін Отбасы банк деп аталатын қолдау институты құрылатын болады (Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11 мамырда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі негізінде Отбасы банкін құру туралы айтқан – ред.). Үй кезегі толық реформаланады. Бәріне бірдей мүмкіндік беріледі, - деді ол. Жиналғандар сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың келуін талап еткенімен, ол келмеді.  Нұр-Сұлтандағы мүгедек баласы бар әйелдер биылғы 21 ақпанда да билікке шағым айтып жиналған еді. Олар үкіметтен жалдамалы баспананы сатып алуға рұқсат беруді, мүгедек бала бағып отырған ата-ананың бірін елу жастан зейнетке шығаруды және жәрдемақыны көбейтуді талап еткен. Ол кезде мүгедек баласы бар әйелдер Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, сенаттың сол кездегі спикері, Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаевамен және мәжіліс депутаттарымен кездесуді қалайтынын айтқан еді. Бірақ ол талаптарының бірде-бірі әлі күнге дейін орындалған жоқ.

Related news

Latest News
Hashtags:   

Сұлтанда

 | 

мүгедек

 | 

баласы

 | 

әйелдер

 | 

кезегіне

 | 

бөлек

 | 

қоюды

 | 

талап

 | 
Most Popular (6 hours)

Most Popular (24 hours)

Most Popular (a week)

Sources