Sunday 11 April 2021
Home      All news      Contact us      RSS      казахский
azattyq - 1 month ago

Зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігі сеніп тапсырылатын компаниялардың үшеуі Құлыбаев пен Назарбаев қорына қарайды

Үш басқарушы компания Бірыңғай жинақтау зейнетақы қорымен (БЖЗҚ) салымшылардың активтерін сеніп басқару туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы 26 ақпан күнгі брифингіде қаржы нарығын реттеу және дамыту департаменті директорының орынбасары Гулшехра Талқамбаева хабарлады.  Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігі сеніп тапсырылатын басқарушы компаниялар мыналар: Jysan Invest, Halyk Global Markets және BCC Invest.  Талқамбаеваның түсіндіруінше, егер салымшының ақшаны басқару әдісіне көңілі толмаса, активті БЖЗҚ-ға қайта тапсыра алады. Бірақ мұны ақша компанияға сеніп тапсырыла бастаған мезгілден кемінде екі жыл өткен соң ғана жасауға болады.   - Басқарушы компания салымшылардың зейнетақы активтерін өзінде ұстамайды. Бұл активтер БЖЗҚ және басқару компаниясымен келісім-шарт жасасқан банк-кастодиандардың есепшотында болады. Банк-кастодиан зейнетақы активтерін бақылауды жүзеге асырады, - деді Талқамбаева.     Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, әрбір басқарушы компанияға бірқатар шарттар (белгілі бір мөлшерде өз капиталы, активті басқару тәжірибесінің болуы, соңғы екі жылда шығынға батпауы, орындалмаған міндеттерінің болмауы және тағы басқа) болмауы тиіс.  Агенттіктің мәліметінше, Қазақстанда әзірге 6 компанияға ғана мұндай қызметпен айналысуына рұқсат етілген: First Heartland Jysan Invest, BCC Invest, Halyk Global Markets, Halyk Finance, First Heartland Capital, Сентрас Секьюритиз. Үшеуімен келісім жасалған.  First Heartlan Jysan Invest - First Heartland Securities компаниясына еншілес қаржы ұйымы. First Heartland Securities бұл - Назарбаев Университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев қоры білім беру ұйымдарының қаржылық холдинг кокмпаниясының инвестициялық бөлімшесі болып саналады. 2019 жылы ақпан айында First Heartland Securities Цеснабанктің 99,5 пайыз акциясына ие болған. Бұл келісім жасалғанға дейін Цеснабанктің негізгі акционері - Цесна қаржы холдингі болған. Оның бенефициары кезінде түрлі жоғары лауазымды қызметтер атқарған, президент әкімшілігін басқарған Әділбек Жақсыбеков болған.   Halyk Global Markets - Halyk Bank-ке еншілес компания. Оны “АЛМЭКС” холдингі арқылы Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі, бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеуі баласы Тимур Құлыбаев (Динара Назарбаеваға үйленген) иелік етеді.  BCC Invest инвестициялық компания - “Банк Центр Кредит” концорциумның бір бөлігі. 2020 жылғы мәлімет бойынша, банктің ірі акционері - Forbes журналы бойынша Қазақстандағы ең бай адамдардың тізімінде 9-орында тұрған Бақытбек Байсейітов бар. Оның банктегі үлесі 47,9 пайызды құрайды. Банктің тағы негізгі акционерлерінің бірі - басқару кеңесінің бұрынғы төрағасы Владислав Ли. Оған акциялардың 10,39 пайызы тиесілі.   Қазақстандықтарда зейнатақы қорындағы ақшаның бір бөлігін сеніп тапсыру мүмкіндігі 2020 жылдың желтоқсан айында пайда болған. БЖЗҚ салымшылары енді өздерінің зейнетақы активтерін баспана алу, емделуге жұмсап, жеке басқарушы компанияларға тапсыра алады. Соңғы айтылған бағыт елде аса танымал емес. 24 ақпан күнгі мәлімет бойынша, агенттікке зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін басқаруға беру туралы 99 өтініш (олардың ақшасы 257,6 млн теңге) түскен. 


Latest News
Hashtags:   

Зейнетақы

 | 

қорындағы

 | 

ақшаның

 | 

бөлігі

 | 

сеніп

 | 

тапсырылатын

 | 

компаниялардың

 | 

үшеуі

 | 

Құлыбаев

 | 

Назарбаев

 | 

қорына

 | 

қарайды

 | 

Sources