Friday 7 May 2021
Home      All news      Contact us      RSS      казахский
azattyq - 27 days ago

Пара алды деген айыппен ұсталған Жоғары сот судьясы қамауға алынды

Қазақстан Жоғары сотының жемқорлық ісі бойынша ұсталған судьясы қамауға алынды. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтанның тергеу соты хабарлады. Судья ірі көлемде ақша алды деген күдікпен ақпан айында ұсталған, арада екі айдай уақыт өткенде ғана оны қамау туралы шешім шықты. Жұма күні тараған хабарламада 2021 жылғы 9 сәуірде Нұр-Сұлтан қалалық ауданаралық мамандандырылған соты Ж.-ны қамауға алу жөнінде шешім шығарды делінген. Қамауға алынғанға дейін күдіктінің қайда болғаны туралы ештеңе айтылмады. 11 ақпанда Жоғары сот кеңесінің мүшесі Түркістан облысының бір ауданындағы судьяны басқа сотқа ауыстыруға көмектескені үшін пара алғаны хабарланды. Жоғары соттың мәліметі бойынша, жемқорлықпен күрес қызметі мен Жоғары соттың ішкі қауіпсіздік қызметі бірлесіп өткізген шара кезінде пара алушы мен пара беруші қолға түскен. Қамауға алынғандардың аты-жөні аталмайды, тергеу сотының хабарламасында судья фамилиясының алғашқы әрпі ғана келтіріледі. Халықаралық Transparency International ұйымы биыл қаңтарда жасаған Жемқорлық индексінде Қазақстан жемқорлыққа жақын елдер тізімінде аталған. Қазақстан бұл рейтингте Бразилия, Эфиопия, Перу, Сербия, Шри-Ланка, Суринам және Танзаниямен бірге 94-орында тұр. Рейтингке барлығы 180 ел кірген.


Latest News
Hashtags:   

деген

 | 

айыппен

 | 

ұсталған

 | 

Жоғары

 | 

судьясы

 | 

қамауға

 | 

алынды

 | 

Sources