Saturday 15 May 2021
Home      All news      Contact us      RSS      казахский
azattyq - 1 month ago

Қытай билігін сынаған Джек Маның Alibaba компаниясына 2,8 млрд доллар айыппұл салынды

Қытай билігі Alibaba корпорациясына монополия шарттарын бұзды деп айып тағып, 2,8 миллиард доллар айыппұл салды. Бұл – ел тарихындағы ең ауқымды айыппұл. Компанияның негізін қалаушы Джек Ма қазанда Қытай басшыларын жұрт алдында сынаған соң үш айдай жоқ болып кеткен, ал оның тағы бір компаниясының акция сату науқаны кейінге қалдырылды. Forbes журналы байлығы 65,5 миллиард деп бағалаған, Қытайдағы ең ауқатты адам саналып келген Джек Ма билікке қарсы пікір айтқан соң көп нәрсе өзгерді. 24 қазанда Шанхайда өткен экономикалық форумда Ма кәрі-құртаңдар ойлап тапқан реттеу шаралары заман талабына сай емес деп мәлімдеген әрі үкіметті қағазбастылыққа салынып, банктердің мүддесін қорғап отыр деп айыптаған. Джек Маның алдында сол форумда мемлекет басшысы Си Цзиньпиннің үзеңгілесі, Қытай төрағасының орынбасары Ван Цишань құттықтау сөз сөйлеген. Бизнесменнің сөзі Цишаньның өзіне айтылған сын деп қабылданды. Бұдан соң Ма үш айдай жұрт көзіне түспей кетті, осы аралықта оның активтерінің құны 15 миллиард долларға арзандады, қазір ол байлығы жөнінен Қытайдағы төртінші адам болып қалды. Alibaba Group компаниясына қатысты тексеріс желтоқсанда басталды. Еуропа нарығында AliExpress деген интернет-дүкендерімен белгілі бұл компания сатушыларды тек жалғыз платформамен сатуға мәжбүрледі деп айыпталды. Бұл тәртіп тұтынушылардың құқықтары мен мүдделеріне қайшы келеді, сатушылардың бизнесіне кері әсерін тигізеді деді реттеуші ұйым. Wall Street Journal басылымына сұхбат берген шенеуніктер Қытай басшылығы Маның бизнес империясының ауқымын кішірейтуге тырысады деген болжам айтты. Бұған қоса билік финтех-стартаптарды бақылау ережесін қатайтып, олардың жұмыс тәртібін банктікіне жақындатуды көздеп отыр. Қарашада Қытай билігі адамзат тарихындағы ең ірі акция саудалау шарасын болдырмай тастады. Ма құрған Ant Group қаржы компаниясы Гонконг пен Шанхайда ІРО-ға шығып, 34,5 миллиард доллар тартуы тиіс болған. Осыдан кейін компанияның құны Bank of America-дан да қымбаттап, 315 миллиард долларға жетуі керек еді. Алайда саудаға екі күн қалғанда биржаны өткізуге тыйым салынды. Bloomberg болжамы бойынша, осы ІРО-дан соң Ма әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 11-орынға көтерілер еді. Бұған қоса Пекин Alibaba-дан медиаактивтерін бөлуді талап етті, сонымен бірге Маның элиталық бизнес-мектебі жаңа студент қабылдамайтынын жариялады. Қытайтанушы Александр Габуевтің айтуынша, Ма мен Қытай билігі арасындағы текетірес тек саясатқа тіреліп тұрған жоқ. Сарапшының пікірі бойынша, Қытай билігі дұрыс реттелмейтін қаржы компаниялары қаржы жүйесіне тұрақсыздық әкеліп, тұрғындардың наразылығын күшейтуі мүмкін деп қобалжиды.


Latest News
Hashtags:   

Қытай

 | 

билігін

 | 

сынаған

 | 

Маның

 | 

Alibaba

 | 

компаниясына

 | 

доллар

 | 

айыппұл

 | 

салынды

 | 

Sources