Солтүстік Корея билігі 11 қазанда Пхеньянда әскери парад өткізіп, құрлықаралық ракетасын көрсетті. Мемлекеттік Кореяның орталық телеграф агенттігі шарада көрсетілген Хвасон-20 ракетасын ең қуатты ядролық стратегиялық қару деп сипаттады. Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын өз сөзінде қарулы күштерді кез келген қауіп-қатерді жоя алатын жеңілмейтін бірлестік болуға шақырды.
Әскери парад Ким Ир Сен атындағы алаңда өтті. Оға шақырылған қонақтар арасында Қытайдың премьер-министрі Ли Цян, Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев, Вьетнам коммунистік партиясының бас хатшысы То Лам да бар.
Ресми ақпарат құралдары таратқан суреттердің бірінде олардың Ким Чен Ынмен қатар тұрғаны көрінеді. Тағы бір суретте Хвасон-20 ракетасының қолдарына Солтүстік Кореяның туын ұстаған халықтың арасынан өткізілгені байқалады.
Солтүстік Кореяның мемлекеттік ақпарат агенттігінің жазуынша, Хвасон-20 ракетасы алысқа ұшып, АҚШ аумағындағы нысандарды жоя алады . Хвасон-20 -дан бөлек, парадта өзге де қару түрлері таныстырылды, арасында дыбыстан да жылдам ұшатын ракеталар да бар.
Ким Чен Ын өз сөзінде солтүстіккореялық әскердің халықаралық дәрежеде әділдік пен шынайы бейбітшілік үшін шетелдегі соғыста жеңіске жеткенін атап өткен. Халықаралық қауымдастықтан оқшауланған санкцияға ұшыраған Солтүстік Корея соңғы рет осындай ірі парадты 2023 жылы өткізген.
Қыркүйектің басында Ким Чен Ын Пекинге барып, онда Ресей басшысы Владимир Путин және Қытай басшысы Си Цзиньпинмен бірге Қытай әскерінің әскери парадын тамашалаған еді. Пхеньяндағы екі жақты кездесу кезінде Қытай мен Солтүстік Корея әріптестікті нығайтуға ниетті екенін растады.
Солтүстік Корея Украинаға басып кірген Ресейге соғыста көмектесіп жатыр. Бастапқыда Солтүстік Корея Ресейге ракеталар мен артиллериялық оқ-дәрі жеткізген, кейін бірнеше мың әскерін жіберген. Олар Ресейдің Курск облысындағы шайқастарға қатысты.
Жұма күні Ким Чен Ын Дмитрий Медведевпен келіссөз өткізген. Ол солтүстіккореялықтардың Ресей үшін соғыста өздерін құрбан етуі екі ел арасындағы сенімді айғақтайды деп мәлімдеді. Ал Ким Ресеймен әріптестікті нығайтуға бейіл екенін және ортақ мақсатқа жету үшін түрлі бағдарламалармен алмасуға белсене қатысатынын айтты.
Monday 13 October 2025
azattyq - 2 days ago
Солтүстік Корея алғаш рет құрлықаралық ракетасын көрсетті


Сотни водителей под угрозой штрафа: в Казахстане требуют остановить «сезонный хаос» с прогревом автомобилей
- lada
Трамп вновь удивил громким заявлением, заявив, что США «решительно выиграли» обе мировые войны
- lada
В Мангистау пройдет международный симпозиум «Тас ескерткіштері – түркі әлемінің ортақ мұрасы»
- lada
Людей наказывают без вины : стоматологи Атырау возмущены расследованием о выводе миллиардов из ЕНПФ
- nur.kz
Девушка попросила о помощи : мама избитого в Алматы толпой мужчин юноши рассказала новые подробности
- nur.kz
Почему участковые всё чаще совершают преступления, спросил мажилисмен министра внутренних дел
- ktk.kz
На 15 суток арестовали пьяного жителя столицы, разбившего лобовое стекло кареты скорой помощи
- ktk.kz
После инцидента на взлётно-посадочной полосе пилоты авиакомпании написали коллективное обращение
- ktk.kz⁞

«Приезд „Реала“, видимо, замылил глаза руководству „Кайрата“ и они решили, что люди будут по 250 000 тенге теперь за все матчи платить, да еще и в очередях стоять»
- sports
Выдающаяся дипломатическая победа : Токаев поздравил Трампа с достижением мира в секторе Газа
- nur.kz
Дело о торте: суд привлечет эксперта, чтобы проверить, опорочила ли блогер Аселина кондитера
- nur.kz
Уэльс — Бельгия: прямая трансляция матча соперников Казахстана в отборе на ЧМ-2026 по футболу
- sports
Привезли покупателей из кафе и были задержаны КНБ: отца и сына осудили в Жамбылской области
- nur.kz
Нобелевскую премию по экономике дали «за исследование связи между экономическим ростом и технологическим развитием»
- ca-news