27 мыңнан астам адам Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына атау ұсыну байқауына қатысты. 11 қазанда байқау аяқталды. Бұл жөнінде атом энергиясы жөніндегі агенттік хабарлады.
Байқау 2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 12:00-де eGov Mobile мобильді қосымшасында басталған болатын. Екі апта ішінде – 10 қазан, сағат 23:59-ға дейін қазақстандықтар 27 мыңнан астам ұсыныс жолдады. Мұндай жоғары белсенділік азаматтардың атом энергетикасын дамытуға деген зор қызығушылығын және ел үшін маңызды жобаға жеке үлес қосуға дайын екенін көрсетеді деп жазылған хабарламада.
Ресми ақпаратқа қарағанда, қазір түскен ұсыныстар өңделіп жатыр. Одан кейін жүйеленіп, арнайы есеп әзірленеді. Сүйтіп байқау комиссиясына қарауға жіберіледі. Қазан соңында атом станциясының атауы анықталады.
Байқау президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған.
Алғашқы атом электр станциясының құрылыс жобасы Алматы облысында биыл тамызда басталған. Оны ресейлік Росатом мемлекеттік корпорациясы салмақ.
Былтыр қазанда елде АЭС бойынша референдум өткен. Ресми мәлімет бойынша, дауыс берушілердің 71 пайыздан астамы Қазақстанда атом электр станциясын салумен келісесіз бе? деген сұраққа иә деп жауап берген.
Кейін президент Тоқаев бір емес, үш станция салынатынын айтты. Ол Қазақстанға болашақта қарқынды экономикалық дамудың берік іргетасымен қамтамасыз ететін жаңа энергетикалық сала құру маңызды екенін атап өткен.
Қазақстан билігінің айтуынша, елде екінші және үшінші АЭС-ті қытайлық CNNC корпорациясы салады. Бақылаушылардың айтуынша, қытайлықтар станцияны Росатомнан бұрын салып беруі мүмкін және құны арзанға түсуі ықтимал. Кей сарапшылар Батыс санкциясы мен соғыстың салдарынан экономикалық қиындықтарға ұшыраған Ресейдің ұзақмерзімді жобаны орындай алатындығына күмән келтіреді.
Атом станциясына қарсылар АЭС жобасы тым қымбат және қоршаған ортаны ластауы мүмкін деп қауіптенеді. Олар сонымен бірге нысандарды салатын елдерден экономикалық, энергетикалық және саяси тәуелділік туындауы мүмкін деген қауіп те айтады.
Monday 20 October 2025
azattyq - 9 days ago
Қазақстанда алғашқы атом электр станциясына атау ұсыну байқауы аяқталды


Госорганам в Казахстане запретили разрабатывать мобильные приложения вне сервисов eGov и Aitu
- nur.kz
Таджикский боец подарил розу сопернику из Кыргызстана на дуэли взглядов и устроил потасовку
- nur.kz
«Наилучший шанс войти в историю». Кипрские СМИ ждут от «Пафоса» победу любой ценой в Алматы
- sports
«Нанесут наибольший урон». Игравший в КПЛ кипрский футболист раскрыл «Пафосу» слабое место «Кайрата»
- sports
Сколько денег тратится на поддержку тарифов на проезд в автобусах Алматы, рассказал эксперт
- nur.kz
Королева кочевников : Сабина Алтынбекова порассуждала о нравственности в образе степной красавицы
- nur.kz
Совершил аварийную посадку: ЧП с азербайджанским самолетом произошло в аэропорту Санкт-Петербурга
- nur.kz
«Нам нужно стать чемпионами уже в этом году». Бомбардир «Астаны» озвучил настрой на «Кайрат»
- sports
С 26 октября казахстанцам разрешат ввозить только один автомобиль в год для личного пользования
- lada
Сколько будут стоить услуги нотариуса с 1 января 2026 года в Казахстане: опубликован полный перечень
- lada⁞

«Астана» оспорит «золото», «Кайрат» оскандалился, «Туран» вылетает. Итоги матчей 25-го тура КПЛ-2025
- sports
Синоптики объявили штормовое предупреждение по Казахстану: в каких регионах ожидают заморозки
- nur.kz
Остановить Путина разговорами не получится : Зеленский призвал Европу и США усилить давление на Россию
- nur.kz
Знаменитый музей Лувр во Франции ограбили с помощью бензопилы: похищены драгоценности Наполеона
- nur.kz