Әділет Қожанбаев Семей қаласының әкімі болып сайланды. Бұл жөнінде аумақтық сайлау комиссиясы хабарлады.
Семейде қала әкімін сайлау 12 қазанда өткен. Қазақстанда облыс орталығының басшысы алғаш рет сайланып отыр. Қазақстанда облыс әкімдерін президент тағайындайды.
Сайлауға төрт кандидат тіркелген: Абай облысы Көкпекті ауданының әкімі Әділет Қожанбаев, қалалық мәслихаттың бұрынғы басшысы Айболат Бекжасаров, қалалық мәслихаттың депутаты Қанат Шапатов және геодезия, картография және құрылыс жоғарғы колледжінің директоры Қаныш Төлеуов. Бұған дейін кейбір азаматтардың үміткер ретінде тіркеле алмағаны хабарланған.
Ресми мәлімет бойынша, Қожанбаевқа 89 441 адам дауыс берген. Төлеуов - 12 557, Бекжасаров - 9 763 дауыс алған.
Әділет Қожанбаев 1980 жылы 1 қаңтарда Көкпекті ауданында дүниеге келген. Негізгі мамандығы – есепші және заңгер. Әр жылдары банк саласында, Қазақтелекомда түрлі қызмет атқарған. 2024 жылдың тамызынан бері Көкпекті ауданының әкімі болған.
Saturday 18 October 2025
azattyq - 4 days ago
Әділет Қожанбаев Семей қаласының әкімі болып сайланды


Монголия демонстрирует, что суверенитет и глобальные организации могут сосуществовать, — Pacific Forum
- ca-news
Ученые бьют тревогу: Глобальное потепление достигло критической точки, коралловые рифы на грани вымирания
- ca-news
Казахстанская блогерша спровоцировала скандал в Ташкенте: «эксперимент» с прикосновениями возмутил пользователей
- lada
Аким Мангистауской области Нурдаулет Килыбай поздравил спасателей региона с профессиональным праздником
- lada
В московском аэропорту пассажир отказался лететь, не увидев на самолете надпись «Санкт-Петербург»
- lada
«Эта раздевалка способна на многое». Джейк Масси о поражении «Ак Барсу», проблемах и «потасовках» «Барыса»
- sports