Friday 17 October 2025
Home      All news      Contact us      RSS      казахский
azattyq - 3 days ago

Сот белсенді Айдар Сыздықовтың түрмені шектеу жазасына алмастыру туралы өтінішін орындамады

14 қазанда сот белсенді Айдар Сыздықовтың түрмені шектеу жазасына алмастыру туралы өтінішін орындамады. Бұл жөнінде белсендінің әйелі Айгүл Тоқпаева хабарлады. Оның сөзінше, сот белсендінің түзелмегенін , теріс қимыл-әрекеттері барын , ынталандырулары жоғын алға тартқан. Биыл тамызда рақымшылық заңымен Айдар Сыздықовтың жаза мерзімінің үштен бірі (1 жыл 2 ай 17 күн) қысқартылған еді. Сол кезде белсендінің түрмеден шығуына 2 жыл 5 ай мерзім қалғаны айтылған. Жақындары белсендіге түрмеде қысым жасалатынын және оны ол жақтан шығармас үшін арандатуға тырысатынын жиі айтып келеді. Ал жергілікті прокуратура мұны жоққа шығарған. “Есірткі сақтады” деп айыпталған астаналық белсенді Айдар Сыздықов былтыр күзде бес жыл түрмеге жіберілген. Оның ісін сараптаған құқық қорғаушылар Сыздықовты саяси тұтқындар қатарына қосқан. Ресми Астана елде саяси қудалау барын мойындамайды.


Latest News
Hashtags:   

белсенді

 | 

Айдар

 | 

Сыздықовтың

 | 

түрмені

 | 

шектеу

 | 

жазасына

 | 

алмастыру

 | 

туралы

 | 

өтінішін

 | 

орындамады

 | 

Sources