Израиль әскері сәрсенбі күні сарапшылар ХАМАС берген мәйіттердің бірі тұтқын емес екенін анықтағанын мәлімдеді. Олардың сөзінше, берілген мәйіт 2023 жылы 7 қазанда тұтқындалған адамдардың арасында жоқ.
ЦАХАЛ Еуроодақ пен АҚШ-та террористік ұйым деп танылған ХАМАС-ты атысты тоқтату туралы келісімге сәйкес, тұтқындалған барлық мәйітті тапсыру үшін күш салуға шақырды.
15 қазан таңертеңгі мәлімет бойынша, ХАМАС дүйсенбі мен сейсенбіде Израильге төрт-төрттен – барлығы 8 мәйіт тапсырған. ЦАХАЛ-дың хабарламасынан белгісіз мәйіт осы екі күнде берілген бе, жоқ па, белгісіз. Топ тағы төртеуін сәрсенбіде тапсыруға уәде берген.
Атысты тоқтату режимі күшіне енген шақта Газада барлығы 28 тұтқынның мәйіті болған. Қазір олардың саны 21 сияқты. (Үш мәйіттің аты-жөні анықталған, төртеуінікі анықталып жатыр).
13 қазанда ХАМАС 20 тұтқынды босатқаннан кейін алғашқы төрт мәйітті берген. Екінші рет мәйіттер 14 қазанда тапсырылды. Ол кезде Израиль билігі келісім шарттары бұзылуына байланысты Газа секторына гуманитарлық көмек шектеліп, Рафах пен Газа секторы, Египет арасындағы шекара өткелі жабылатынын мәлімдеген. Кейін бұл шешімнің күші жойылды деп жазды The Times of Israel.
Өткен аптада Израиль мен ХАМАС бейбіт келісімнің алғашқы кезеңін келіскен. Оған тұтқындарды босату, мәйіттерді тапсыру, әскери қимылды тоқтату, аумаққа гуманитарлық көмекті жалғастыру, келісілген сызықтан Израиль әскерін әкету де кіреді. Ynet жазуынша, Израиль Газа аумағының 53% бақылауда ұстап отыр. Бұл АҚШ президенті Дональд Трамп айтқан саннан 4% аз.
Бұған қоса, келісім ХАМАС-ты қарусыздандыру мен Газа билігінен шеттету туралы талап та бар. Жуырда ХАМАС билікті жалпыпалестиналық құрылымдарға беруге дайын екенін, бірақ қаруларын тастамайтынын айтқан. АҚШ президенті Дональд Трамп мұндай жағдайда оларды күштеп қарусыздандыру қажеттігін жеткізген.
Saturday 18 October 2025
azattyq - 3 days ago
Израиль әскері: мәйіттердің бірі тұтқын емес

⁞

Шли наугад по степи и говорили на арабском: кто эти иностранцы, задержанные на границе Казахстана?
- lada
Пьяное такси: в Казахстане поймали 268 водителей в нетрезвом состоянии и тысячи машин без техосмотра
- lada
Зима без света: Казахстан ждёт исторический дефицит электроэнергии - нехватка может превысить 1 млрд кВт·ч
- lada
В Дубае задержан казахстанец, подозреваемый в заказе убийства топ-менеджера «Lenovo Казахстан»
- lada
Сельская драма: выродок, школьница и новорождённый. Судьба девочки: мать, отчим, осуждённый жених. «Великие» стройки: кто возводил, кто принимал, кто ответит? Мировой хаос и наши цены: правительство против глобального кризиса.
- ktk.kz
Идеядан жаһандық брендке дейін: Путин RT телеарнасын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады
- sputniknews