Қазақстанның Қаржы министрлігі кредит бюролары мен мемлекеттік кіріс органдары арасындағы ақпарат алмасудың жаңа тетігін іске қосады. Биылғы 10 қарашадан 31 желтоқсанға дейін кредит бюролары қазақстандықтардың коллекторлар мен микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ) берешегі жөніндегі мәліметтерді Мемлекеттік кіріс комитетіне (МКК) ұсына бастайды деп жазды  Курсив  басылымы.
Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы 625-бұйрығында кредит бюролары жеке тұлғалардың коллекторлар мен (немесе) микроқаржы ұйымдарына берешегі жайлы деректерді салық қызметіне қалай беруге тиіс екені нақты жазылған:
МКК есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қарашасына дейін активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсыруға міндетті жеке тұлғалардың тізімін есепті жылдың 31 желтоқсанына дейін жиналаған мәліметтерге сүйеніп жасайды;кейінгі 10 күн ішінде МКК бұл тізімді Smart Data Finance жүйесі арқылы кредит бюроларына жібереді;ал кредит бюролар тағы 10 күн ішінде әлгі тұлғалардың коллекторлар мен микроқаржы ұйымдарына берешегі туралы ақпаратты Мемлекеттік кіріс комитетіне (МКК) жолдайды.
625-бұйрық Қаржы министрлігінің ресми сайтында жарияланып, белгіленген мерзімдерде күшіне енеді. Құжатқа сәйкес, МКК мен кредит бюролары алынған ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етіп, салық және өзге де заңдар бойынша қорғалатын құпияны сақтау жөніндегі талаптарды орындауы тиіс.
Бұған дейін Forbes Kazakhstan тізіміне енген ең бай қазақстандықтардың мемлекетке салық төлеміне миллиардтаған теңге қарызы бар деген хабар айтылған еді деп жазады  Курсив  басылымы.
				Tuesday 4 November 2025			
						
		azattyq - 21 hours ago 
Қазақстанда кредит бюролары мен салық органдары арасында дерек алмасудың жаңа тетігі енгізілмек
Ничего плохого нет : глава КФФ Давид Лория высказался о дорогих подарках футболистам Кайрата
- nur.kzПобеда над Эрисланди Ларой даст проход Жанибеку Алимханулы к большим боям. Это не только Теренс Кроуфорд, но и «Канело» Альваресу
- sportsКазахстанец рассказал, как на его счету появился 141 млн тенге, и почему он об этом пожалел
- nur.kzПервыми напали : осужденный на 12 лет казахстанец добился пересмотра дела о смертельной драке
- nur.kzЕлене Рыбакиной вынесли вердикт на третий матч Итогового турнира WTA после двух ярких побед
- sportsВладельца интернет-магазина из Темиртау заподозрили в продаже наркотиков и провели обыск в доме
- nur.kzHashtags:   
			Қазақстанда
|кредит
|бюролары
|салық
|органдары
|арасында
|дерек
|алмасудың
|тетігі
|енгізілмек
|⁞
