Tuesday 13 November 2018
Home      All news      Contact us      казахский
azattyq - 5 days ago

Лос-Анжелесте теңіз жаяу әскерінің ардагері 13 адамды мерт қылды

АҚШ полициясы Лос-Анжелес іргесіндегі барға кімнің шабуыл жасағанын анықтады. Вентура округінің шерифі Джефф Диннің айтуынша, адамдарға оқ жаудырған – теңіз жаяу әскерінің ардагері Дэвид Айан Лонг. Қарашаның 8-інде Таузанд-Окс қаласындағы Borderline Bar Grill барына жасалған шабуылдан 12 адам қаза тауып, 13 адам жараланған. Шабуыл жасаған адам бар ішін түтіндетіп, калибра.45 пистолетімен оқ атқан. Куәгерлер отыздан астам атылған оқ даусын естігендерін айтады. Әскер ардагерінің не үшін бұлай еткені әлі анықталмаған. Атыс болып жатқанда алдынан полиция шыққан ол өзін-өзі өлтірген.      Шабуыл кезінде барда 200-дей адам болған. Олардың арасында 2017 жылы болған кантри-музыка фестиваліндегі шабуылдан аман қалғандар да бар. Сол кездегі шабуылдан 58 адам қаза тауып, 500-ден аса адам жарақаттанған.  

Related news

Latest News
Hashtags:   

Анжелесте

 | 

теңіз

 | 

әскерінің

 | 

ардагері

 | 

адамды

 | 

қылды

 | 
Most Popular (6 hours)

Most Popular (24 hours)

Most Popular (a week)

Sources