Thursday 21 November 2019
Home      All news      Contact us      казахский
azattyq - 12 days ago

Жемқорлық бойынша айыпталған бұрынғы судьяға айыппұл салды

Жемқорлық бойынша айыпталған Алматының Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясына 116 мың доллар көлемінде айыппұл салынды. Бұл ақпаратты 8 қарашада жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.  Биыл жазда судья Гүлмира Әбілқайыр пара алу бабы бойынша күдікке ілініп, қызметінен шеттетілгені туралы ақпарат шыққан. Айыптау тарабының дерегінше, судья азаматтық істі бір тараптың пайдасына қарай шешу үшін пара алған . Сот отырысында хатшы болған қызметкер делдал болған.   8 қарашада Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Гүлмира Әбілқайырға 45 459 600 теңге көлемінде айыппұл салынды. Осы үкім бойынша Рақышовқа екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл адамдар өмір бойы лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды делінген жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан хабарламада.  Тергеу орындарының айтуынша, судьяға алдын ала келісілген 10 мың доллардың үш мың долларын  жер телімінің шекарасын анықтауға қатысты іс бойынша берген.  Transparency International ұйымы жыл сайын жасайтын Жемқорлықты қабылдау индексінде (CJI) Қазақстан бір жыл ішінде екі саты төмендеген. 2018 жылы 122-орында тұрған Қазақстан биыл қаңтарда шыққан ұйым рейтингінде 124-орынға түскен.  


Latest News
Hashtags:   

Жемқорлық

 | 

бойынша

 | 

айыпталған

 | 

бұрынғы

 | 

судьяға

 | 

айыппұл

 | 

салды

 | 
Most Popular (6 hours)

Most Popular (24 hours)

Most Popular (a week)

Sources