Thursday 21 November 2019
Home      All news      Contact us      казахский
azattyq - 12 days ago

Митинг алдында бірқатар белсенділердің ұсталып, ескерту жасалғаны хабарланды

9 қарашада Алматы мен Нұр-Сұлтанда Oyan, Qazaqstan және Республика қозғалыстарының митингісі басталар алдында полицияның бірқатар белсенділерді ұстап, кейбіріне ескерту жасағаны туралы хабар тарады. Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Facebook желісінде белсенді Асхат Жексебаевты полицияның Әуезов аудандық полиция бөлімшесіне алып кеткенін хабарлады.  Бұған қоса, әлеуметтік желіде Алматыда - Құрманғазы Найзабек, Нұр-Сұлтанда Салтанат Барықбаева, Асқар Қайырбек есімді азаматтарды полицияның ұстап, ескерту жасағаны туралы ақпарат шықты. Астаналық белсенді Бибігүл Тяұқова Facebook желісінде көлігінде полиция қызметкерінің отырғанын хабарлап, тікелей эфир жасамақ болған еді, бірақ полиция қызметкері оның әрекетіне кедергі жасап, сәлден соң эфир өшіп қалды.  (Жаңалық толықтырылады). 


Latest News
Hashtags:   

Митинг

 | 

алдында

 | 

бірқатар

 | 

белсенділердің

 | 

ұсталып

 | 

ескерту

 | 

жасалғаны

 | 

хабарланды

 | 
Most Popular (6 hours)

Most Popular (24 hours)

Most Popular (a week)

Sources