Friday 13 December 2019
Home      All news      Contact us      казахский
azattyq - 23 days ago

Бас прокуратураға келген бір топ адам заңсыз сот шешіміне шағымданды

21 қарашада таңертең Нұр-Сұлтанда бір топ адам бас прокуратураға келіп, заңсыз сот шешіміне шағымданды. Олардың әрқайсысы әртүрлі мәселемен келген. Солардың бірі Нұр-Сұлтан тұрғыны Совет Байсұлтанов несие алу үшін кепілге қойылған үйінің заңсыз сатылып кеткенін айтып, мүлігін қайтарып беруді талап етіп келгенін айтты.  Бас прокуратураға шағымданып келген адамдар арасында азаматтық белсенді Санавар Закирова да болды. Ол наразылардың бас прокуратура заңсыздықты шешпесе, әділдікке қол жеткізу үшін БҰҰ-на шағымдануға да даяр екенін айтты.    - Бірінікі - азаматтық іс, бірінікі - әкімішілік іс, бірінікі - қылмыстық іс. Бірі үй, көлік, баласының заңсыз сотталуына байланысты келіп отыр. Бәрі заңсыз сот шешімімен келіспейді. Қазақстанда заңның орындалуын қадағалайтын басты орын бұл прокуратура деп айтады. Бас прокурор әлі күнге дейін ешкімді қабылдаған жоқ. Бүгін бірінші рет қана қабылдап жатыр. Егер бас прокурор қайта қараудан бас тартса, БҰҰ-ның адам құқығы комитетіне амалмыз жазамыз, - деді Санавар Закирова.  Оның айтуынша, бас прокуратура оларды 8.30-нан бастап қабылдай бастаған. Қанша адам ішке кіріп кеткені белгісіз. Азаттық тілшісі прокуратураның наразыларды ғимараттың екі жағынан қабылдап жатқанын көрді. Әзірге тілшілердің ішке кіруіне рұқсат берген жоқ.  (Жаңалық толықтырылады).    


Latest News
Hashtags:   

прокуратураға

 | 

келген

 | 

заңсыз

 | 

шешіміне

 | 

шағымданды

 | 
Most Popular (6 hours)

Most Popular (24 hours)

Most Popular (a week)

Sources