Thursday 12 December 2019
Home      All news      Contact us      казахский
azattyq - 21 days ago

Белсенді Дулат Ағаділді қамаудан босатпады

Полицияға бағынбады деп айыпталып, 10 күнге қамалған белсенді Дулат Ағаділді уақытша қамау орнынан босатпады. 21 қарашада түс кезінде Ақмола облысы Ақмол кентіндегі уақытша қамау орнының алдына оны қарсы алу үшін барған туыстары, белсенділер, достары Ағаділді көре алмады. Белсенді Ербол Есхожиннің Азаттыққа айтуынша, түскі 12.30 шамасында изолятор қызметкері шығып, сот қаулысына сәйкес Ағаділдің тағы бес күн қамау орнында отыратынын айтқан.   Изолятордан бір қызметкер шықты. Осындай сот қаулысы бар, тағы бес күн осында болады деді. Біз адвокатымен сөйлестік. Ол да растады. Сот қаулысына сәйкес, ол тағы бес күн отырады деп бәрін түсіндіріп берді деді Ербол Есхожин.  42 жастағы Дулат Ағаділ азаматтық құқықтар мен саяси бостандықтардың сақталуын талап етіп жүрген белсенді ретінде танымал. Ол билікке наразылық акцияларына қатысқаны үшін бұған дейін бірнеше рет әкімшілік қамауда болған. Соңғы рет қарашаның 4-і күні Ақмол кентінде сотқа апармақ болған полицияның заңды талабына бағынбаған деген айып тағылып, сот шешімімен 10 тәулікке қамалған. Аты-жөнін атамаған адвокаттың айтуынша, оны сотқа бағынбағаны үшін тағы бес күнге қамап отыр.  13 қарашада Дулат Ағаділдің тергеу изолятордан қашып кеткені туралы ақпарат шыққан. Ішкі істер министрлігі оның өз бетімен изолятордан шығып кеткенін айтса, жақтастары ресми орындардың дерегіне күмән келтіріп, Ағаділ отырған изоляторға да барып, түсініктеме беруді талап еткен. 14 қарашада Ағаділ Нұр-Сұлтандағы бас прокуратураға өзі кезіккен заңсыздықтарға шағымдану үшін барған кезде полиция сол жерден ұстап әкетті. Сол жерде жақтастарымен сөйлесіп үлгерген Ағаділ  заңсыздық пен қудалау қашуға мәжбүр етті деп айтқан. Оқи отырыңыз: Жазықсыз қудалау мен заңсыздық қашуға мәжбүр қылды Полиция қамау орнынан өз еркімен кеткені үшін Ағаділді Әкімшілік кодекстің 669-бабы бойынша ( Сот шешiмiн орындамау ) жауапқа тартатынын хабарлаған. Бұл бап бойынша бес айлық есептік көрсеткіш (12 625 теңге - ред.) көлемінде айыппұл немесе бес күнге дейін қамау жазасы қарастырылған.


Latest News
Hashtags:   

Белсенді

 | 

Дулат

 | 

Ағаділді

 | 

қамаудан

 | 

босатпады

 | 
Most Popular (6 hours)

Most Popular (24 hours)

Most Popular (a week)

Sources