Wednesday 19 February 2020
Home      All news      Contact us      казахский
azattyq - 5 days ago

Полиция журналист Батырбековтің үстінен қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөлімі журналист Амангелді Батырбековтің үстінен Қылмыстық кодекстің “Құжаттарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау” бабы бойынша іс тіркелгенін хабарлады. Полиция журналиске қарсы Алматы қаласы тұрғыны арызданғанын айтады. Полицияның дерегінше, “13 ақпанда Батырбеков пен арызданушы беттесу үшін Сарыағаш аудандық полиция департаментіне шақыртылған. Бірақ Батырбеков беттесуге келмеген”. “Кейін 14 ақпанда Сарыағаш аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Батырбековті Түркістан қаласында ұстады. Батырбеков Жамбыл облысында туысқаны қайтыс болғанын айтқан соң полиция оны жіберген. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр” деп мәлімдеді полиция. 14 ақпанда журналист өзін Түркістан облысы әкімінің есебіне кірмек болғанда полиция ұстап, түсіндірместен алып кеткенін мәлімдеген. Ал облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook желісінде “есеп беруге тұрғындардың еркін кіргенін, кедергі болмағанын” жазып, Батырбековтің сөзін жоққа шығарған.  Батырбековтің өзі Азаттық тілшісіне үстінен қылмыстық іс тіркелгенінен хабарсыз екенін жеткізді. Сөзінше, полиция оны ұстағанда қылмыстық іс жайлы ештеңе айтпаған. Журналиске қатысты бұған дейін екі рет іс қозғалған. Қазір Батырбековтің үстінен Сарыағаш аудандық сотында “Жала жабу” және “Қорлау” бабы бойынша бір қылмыстық іс қаралып жатыр. Облыстағы Заңғар Медет қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ләйлә Дарханбаева Батырбековті Facebook желісіне пост жазып, газетіне мақала жариялап, маған жала жапты, қорлады деп сотқа берген. Мұның алдында Түркістан облыстық соты Келес аудандық білім бөлімінің бастығы Бахтияр Абдиев ар-намысыма тиіп, қорлады деп Амангелді Батырбековті сотқа берген. Сол кезде Сарыағаш аудандық соты Батырбековті 2 жыл 3 айға түрмеге қамаған. Ал Түркістан облыстық соты аудандық соттың үкімін жойып, журналисті ақтаған. 5 ақпанда Батырбеков Абдиевті сотқа бергені белгілі болды.


Latest News
Hashtags:   

Полиция

 | 

журналист

 | 

Батырбековтің

 | 

үстінен

 | 

қылмыстық

 | 

тіркелгенін

 | 

хабарлады

 | 
Most Popular (6 hours)

Most Popular (24 hours)

Most Popular (a week)

Sources