Tuesday 2 June 2020
Home      All news      Contact us      казахский
azattyq - 11 days ago

БАҚ: Ақтөбеде коронавирус жұққан әйел қайтыс болды

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Әсет Қалиев қалада коронавирус жұққан әйелдің қайтыс болғанын хабарлады. Бұл туралы Қазақстанның батыс аймағынан ақпарат таратын Мой город сайты жазды.  - Әйел инфекциялық ауруханада небәрі бір күн болған. Палатада кенет жағдайы нашарлаған. Дәрігерлер реанимациялық емдеу шараларын жүргізгенмен жүрегі тоқтады. Клиникалық бақылау өкпе артериясы эмболиясының асқынғанын көрсеткен. Бұл коронавирус инфекциясымен байланысты емес. Науқас ПЦР тексеруден өтіп, коронавирус инфекциясы анықталған. Бірақ науқаста коронавируспен қатар көп ауру табылған. Жүрек-қантамыр ауруына шалдыққандар есебінде тұрған. Вирус науқастың жағдайының нашарлауына әсер етті ме, жоқ па, оны комиссия шешеді, - деді басқарма жетекшісі.  Соңғы мәлімет бойынша, Ақтөбе облысында 252 адамға вирус жұққан. Әсет Қалиевтің сөзіне қарағанда, 63 науқас стационарда жатыр. Екеуі - реанимация бөлімінде. Біреуінің жағдайы - өте ауыр, жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатыр. Екінші науқастың жағдайы - ауыр. Науқастар арасында 17 бала бар, 10-ы жазылып шыққан. (Жаңалық толықтырылады).


Latest News
Hashtags:   

Ақтөбеде

 | 

коронавирус

 | 

жұққан

 | 

қайтыс

 | 

болды

 | 
Most Popular (6 hours)

Most Popular (24 hours)

Most Popular (a week)

Sources