Tuesday 2 June 2020
Home      All news      Contact us      казахский
azattyq - 10 days ago

Ақтөбеде COVID-19 диагнозы қойылған, ауруханада қайтыс болған науқас қалалық зиратқа жерленді

Ақтөбеде COVID-19 диагнозы қойылған, ауруханаға түскеннен кейін бір күннен соң қайтыс болған 71 жастағы әйел 22 мамырда жерленді. Арнайы комиссия науқас өлімінің себебіне байланысты әзірге шешім шығарған жоқ. Осыған дейін Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырғандардың қайтыс болу дерегі тіркелген емес. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, вирус жұқтырған әйел инфекциялық ауруханада 21 мамырда жан тапсырған. - Пациенттің коронавирустан да өзге бірнеше созылмалы ауруы болған. Жүрек-қантамыр ауруларына шалдыққандардың арнайы есебінде тұрған. Өкпе артериясы эмболиясының да асқынып кеткені анықталды. Науқастың өліміне нақты не себеп болғанын арнайы құрылған комиссия анықтауы тиіс, - деді Әсет Қалиев. Тауар және көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаеваның сөзіне қарағанда, Ақтөбе облысында коронавирустан қаза болғандарды жерлейтін арнайы орын бөлінбеген. Сол себепті марқұм қалалық зиратқа жерленген.  - Марқұм христиандардың жөн-жоралғысымен қалалық зиратқа жерленді. Сүйек туыстарына берілген жоқ. Жерлеу кезінде күшейтілген дезинфекциялық режим сақталды. Жерлеу рәсіміне марқұмның бір-екі туысы мен біздің департамент мамандары қатысты, - дейді Нұрсұлу Беркімбаева. Осы кезге дейін Ақтөбе облысында коронавирус жұқтыру дерегі (Ресеймен шекаралас Мартук ауданын есепке алмағанда) негізінен облыс орталығында ғана тіркелген болатын. Жұма күні Ақтөбенің Ойыл, Мұғалжар ауданының екі тұрғыны коронавирус жұқтырған болуы мүмкін деген күдікке ілінген. Тауар және көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаеваның айтуынша, Ойылдың тұрғыны індет жайыла бастағалы бері ауылынан ұзап шықпаған. Ал екінші пациент, Мұғалжар ауданының  тұрғыны - медицина қызметкері. Ол да аудан орталығы Қандыағаштан шықпағанын айтқан. Осы кезге дейін Ақтөбенің медицина мекемелерінде қызметкерлердің коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген емес. - Ойыл мен Қандыағаш тұрғынының коронавирус жұқтырған-жұқтырмағаны дүйсенбі күні анықталады. Күдіктеніп отырғанымыз рас. Әзірге нақты диагноз қойылған жоқ. Сондықтан індет облыс аудандарын да жайлай бастады деуге әлі ерте, - дейді Нұрсұлу Беркімбаева. Ресми дерек бойынша, қазір Ақтөбе облысында 252 адамға COVID-19 диагнозы қойылған.


Latest News
Hashtags:   

Ақтөбеде

 | 

COVID

 | 

диагнозы

 | 

қойылған

 | 

ауруханада

 | 

қайтыс

 | 

болған

 | 

науқас

 | 

қалалық

 | 

зиратқа

 | 

жерленді

 | 
Most Popular (6 hours)

Most Popular (24 hours)

Most Popular (a week)

Sources