Қарағандыда ұлтаралық араздық қоздырды деп айыпталған жергілікті кәсіпкер Алика Мұхамадиеваның ісі бойынша сот процесі басталды. Ол шілде айынан бері қамауда отыр. Оны Threads желісіндегі жазбасынан кейін ұстаған. Құзырлы органдар оның жазбасынан қазақтар мен мұсылмандарды кемсіту белгілерін тапқан.
14 қазан күні сотта айыптау акті оқылды. Онда 22 жастағы Мұхамадиева әлеуметтік желіде ( Алика Августова деп тіркелген) азаматтардың діни және ұлттық сезімдерін қорлау белгілері бар пікір жазған, ислам дінін ұстанатын және қазақ ұлтына жататын адамдардың абыройы мен қадір-қасиетін кемсітетін сөз айтқан делінеді.
Сотталушы айыпқа келісетінін, айтқан сөзі үшін өкінетінін айтты.
Мұхамадиева ұсталғанға дейін кешірім сұрап видео жариялаған. Бірақ бұл кешірім сұрау қылмыстық істен қорғамады.
Мұхамадиеваның адвокаттары соттан бас бостандығынан айыратын жаза тағайындамауды сұрап отыр. Адвокаттар айыпталушының екі жасар баласы бар екенін айтады. Ұсталғанға дейін ол Қытайдан тауар алдырып кәсіп жүргізген.
Қылмыстық іс сотқа осы айдың басында жеткен. Келесі отырыс 18 қазанға белгіленді.
Маусым айында Солтүстік Қазақстан облысының соты 35 жастағы әйелді TikTok-тағы жазбасы үшін ұлтаралық араздық қоздырды деп екі жылға бас бостандығынан айырған. Сараптама жазбада орыс ұлтының өкілдерін кемсітетін белгілер бар деген.
Sunday 19 October 2025
azattyq - 5 days ago
Қарағандыда ұлтаралық араздық қоздырды деп айыпталған кәсіпкердің соты басталды


«Нам нужно стать чемпионами уже в этом году». Бомбардир «Астаны» озвучил настрой на «Кайрат»
- sports
С 26 октября казахстанцам разрешат ввозить только один автомобиль в год для личного пользования
- lada
Сколько будут стоить услуги нотариуса с 1 января 2026 года в Казахстане: опубликован полный перечень
- lada
К 2050 году каждый пятый житель Казахстана станет пожилым: неожиданные последствия долголетия
- lada
Футболист сборной Казахстана в роли капитана поучаствовал в разгроме в зарубежном чемпионате
- nur.kz
«Хотим забрать „золото“ домой». В «Астане» сделали заявление перед решающим матчем с «Кайратом»
- sports
Кремль: Путин в разговоре с Трампом предостерег президента США от поставок Tomahawk Украине
- ca-news
Остановить Путина разговорами не получится : Зеленский призвал Европу и США усилить давление на Россию
- nur.kz
Знаменитый музей Лувр во Франции ограбили с помощью бензопилы: похищены драгоценности Наполеона
- nur.kz
Дрон шабуылынан кейін Орынбор газ өңдеу зауыты қазақстандық шикізатты қабылдауды уақытша тоқтатты
- azattyq
Хет-трик Месси помог Интер Майами разгромить соперника на финише регулярного чемпионата MLS
- nur.kz
Боимся новых атак : из сериала с участием Рустема Омарова удалили все маты после критики депутата
- nur.kz
Трамп Зеленскийдің Tomahawk зымырандарын жеткізу туралы өтінішіне нақты жауап бермеген
- sputniknews
ЧП в здании суда Астаны: женщина на инвалидной коляске рухнула на землю из-за обрыва троса при подъеме
- nur.kz