Грузияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі сенбі күнгі брифинг кезінде бұрынғы премьер-министр Ираклий Гарибашвили мен бұрынғы прокурор Отар Парцхаладзе және солармен байланысты шенеуніктердің үйінде тінту жүргізіліп, 7 миллион доллар қағаз ақша тәркіленгенін хабарлады.
Тінту 17 қазанда ел бойынша 24 пәтер мен тұрғын үйде өтті деп жазды Эхо Кавказа сайты. Операцияға шамамен 230 прокуратура және мемлекеттік қауіпсіздік қызметкері қатысқан. Қылмыстық іс қозғалғаны айтылған жоқ. Нақты кімнен ақша тәркіленгені жөнінде де ақпарат жоқ.
Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің брифинг кезінде тергеу органдары мен бас прокуратура өкілдері тәркіленген құжаттар мен электронды құрылғыларды зерттеп жатқанын, ақшаның қайдан алынғанын да анықтап жатқанын айтты. Басқа жай-жапсары айтылмады.
Гарибашвили Грузия үкіметін екі рет: 2013 — 2015 және 2021 — 2024 жылдары басқарған. Ол екі түрлі үкіметте полиция министрі және қорғаныс министрі болған. Сәуірге дейін ол басқарушы Грузин арманы партиясына жетекшілік еткен. Көктемде партиядан шығып, саясаттан кететінін мәлімдеген.Пархаладзе 2013 жылы бас прокурор болған. 2023 жылы АҚШ-тың санкция тізіміне енген. Ол Ресейдің мүддесі үшін грузин саясатына әсер етуге тырысты және Ресей ФСБ-мен әріптестік орнатты деген күдікке ілінген.
Sunday 19 October 2025
azattyq - 17 hours ago
Грузияда бұрынғы премьер мен бұрынғы прокурордың үйлерінде тінту болды


«Нам нужно стать чемпионами уже в этом году». Бомбардир «Астаны» озвучил настрой на «Кайрат»
- sports
С 26 октября казахстанцам разрешат ввозить только один автомобиль в год для личного пользования
- lada
Сколько будут стоить услуги нотариуса с 1 января 2026 года в Казахстане: опубликован полный перечень
- lada
К 2050 году каждый пятый житель Казахстана станет пожилым: неожиданные последствия долголетия
- lada
Футболист сборной Казахстана в роли капитана поучаствовал в разгроме в зарубежном чемпионате
- nur.kz
«Хотим забрать „золото“ домой». В «Астане» сделали заявление перед решающим матчем с «Кайратом»
- sports
Кремль: Путин в разговоре с Трампом предостерег президента США от поставок Tomahawk Украине
- ca-news
Остановить Путина разговорами не получится : Зеленский призвал Европу и США усилить давление на Россию
- nur.kz
Знаменитый музей Лувр во Франции ограбили с помощью бензопилы: похищены драгоценности Наполеона
- nur.kz
Дрон шабуылынан кейін Орынбор газ өңдеу зауыты қазақстандық шикізатты қабылдауды уақытша тоқтатты
- azattyq
Хет-трик Месси помог Интер Майами разгромить соперника на финише регулярного чемпионата MLS
- nur.kz
Боимся новых атак : из сериала с участием Рустема Омарова удалили все маты после критики депутата
- nur.kz
Трамп Зеленскийдің Tomahawk зымырандарын жеткізу туралы өтінішіне нақты жауап бермеген
- sputniknews
ЧП в здании суда Астаны: женщина на инвалидной коляске рухнула на землю из-за обрыва троса при подъеме
- nur.kz