Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев 16 қазанда Варшавадағы адамзат өлшемі жиынында Қазақстанда бейбіт жиын өткізу үшін азаматтардың рұқсат сұраудың қажеті жоғын, тек әкімдікке ескерту жеткілікті екенін айтты.
Оның сөзінше, бірнеше ғана жағдайда өтініш иелеріне рұқсат етілмеуі мүмкін: егер бір орында қатарынан екі шара жоспарланса немесе жөндеу жұмыстары жүргізілсе немесе таңдалған орын қатысушылардың санымен сәйкес келмесе. Ол сонымен бірге 2025 жылдың қаңтарынан бері конституциялық соттың шешіміне сәйкес, әкімдіктер ұйымдастырушыларға балама орындарды ұсынуға міндетті екенін атап өтті. Оның айтуынша, осылайша биыл 55 балама орын ұсынылған.
Ол өз сөзінде сонымен бірге елде үкіметтік емес ұйымдарды тіркеу жеңілдетілгенін, елде 23 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым істеп жатқанын айтты.
Қазақстанда белсенділер мен азаматтар әкімдіктен бейбіт жиын өткізуге рұқсат ала алмайтындығына жиі шағымданады. Жуырда ғана белсенділер Алматы, Астана, Шымкентте қымбатшылыққа қарсы митинг өткізуге рұқсат ала алмағанын айтқан еді. Оның алдында Орал тұрғындары митинг өткізе алмаған.
Елде рұқсат етілмеген митингілерге барған азаматтар ұсталып, көп жағдайда әкімшілік жазаға тартылады. Оппозиция күштері жария еткен митингтер алдында белсенділер ұсталып, қамалады. Кейбірі сыртта полиция күзеткендіктен үйден шыға алмайтындарын айтады. Осылайша полиция азаматтардың жиналуына мүмкіндік бермейді.
Халықаралық ұйымдар азаматтардың бейбіт жиналу құқығы бұзылып жатқандығын жиі айтады.
Биыл қаңтарда Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары кеңесінде Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы талқыға түскен. Ол кезде БҰҰ-ға мүше 103 мемлекеттің делегациясы ресми Астанаға адам құқығын жақсартуға бағытталған 294 кеңес берген еді. Олардың арасында бейбіт жиналу, пікір айту еркіндігін сақтау да болды.
“Белсенділер экстремист емес” құқық қорғау тобының мәліметінше, 2020 жылдың шілдесінен бастап 2025 жылдың қазаны аралығында бейбіт жиын, бір адамдық пикет немесе шеру өткізу туралы кемінде 713 өтініш орындалмаған. 27-сі биыл тіркелген.
Ал Қазақстан билігі азаматтардың бейбіт жиналу құқығы сақталатынын, демократия құндылықтары мен заң үстемдігінен айнымайтынын жиі айтады.
2020 жылы қабылданған Бейбіт жиын өткізу туралы заңды билік демократияға қадам деп бағалағанмен құқық қорғаушылар аталған заңда бұрынғы шектеулер сақталып қалғанын айтып келеді. Айтуларынша, заң жергілікті атқару органдарына бейбіт жиын өткізу туралы өтінішті орындамауға мүмкіндік береді
Friday 17 October 2025
azattyq - 17 hours ago
Артур Ластаев: Қазақстанда бейбіт жиын өткізу үшін азаматтардың рұқсат сұрауы міндетті емес


Үндістан мен Орталық Азия елдері қауіпсіздік мәселесін шешу үшін Ауғанстанмен әріптестік орнатуға келісті
- azattyq
Ведут переписку на государственном языке : казахстанцев предупредили о новой схеме мошенников
- nur.kz
«Заинтересован в том, чтобы „Астана“ стала чемпионом». «Кайрат» предупредили перед матчем КПЛ
- sports
Кремль: Путин в разговоре с Трампом предостерег президента США от поставок Tomahawk Украине
- ca-news
«Сатпаев уже был в наших списках». Черчесов спустя время разобрал свой уход из сборной Казахстана
- sports
Парламент Франции не принял вотумы недоверия правительству. Себастьен Лекорню остается премьером
- ca-news
Зеленский АҚШ-қа барды. Трамппен кездесу кезінде Томагавк ракетасын жеткізу талқылануы мүмкін
- azattyq
Люди думают, что спортсмены могут справиться с чем угодно : Арина Соболенко раскритиковала WTA
- nur.kz
Могут ли оштрафовать водителей в Казахстане, если осенью выпал снег, а на машине летние покрышки
- nur.kz
Монгольская вычислительная математика получает мировое признание благодаря Springer Nature
- ca-news
Судья США намерен одобрить сделку Rio Tinto по урегулированию вопроса о шахте в Монголии на сумму $138.75 млн
- ca-news
«Алиеву мозгов не хватило?». Раскрыт секрет успеха Талгата Байсуфинова в сборной Казахстана
- sportsHashtags:
Артур
|Ластаев
|Қазақстанда
|бейбіт
|өткізу
|азаматтардың
|рұқсат
|сұрауы
|міндетті
|⁞

Делала контент на слабослышащем таксисте : блогера доставили в полицию после скандала в Казнете
- nur.kz
Заморозки, сильный ветер и туман: штормовое предупреждение объявили в ряде регионов Казахстана
- nur.kz
«Это такой переломный момент». Всеволод Логвин рассказал о важности разгромной победы «Барыса» над «Авангардом»
- sports
Адиль Бекетаев рассказал грустную историю после разгромной победы «Барыса» над «Авангардом»
- sports