Оппозиция жариялаған митинг қарсаңында және митинг өтеді деген күні – 25 қазанда Қазақстанның түрлі өңірінде ұсталғандар 30-ға жуықтады. Олардың кейбірі қамалды, кейбіріне айыппұл салынды. Ұсталғандардың тізімін құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина жариялады.
25 қазанда кейбір белсенділер үйлерінің маңын полицияның торуылдап жүргенін, сыртқа шыға алмай отырғанын хабарлаған. Мысалы, белсенді Күміс Құлманова үйінің сыртына шығып, өзін жәй көлікте отырған екі адамның сыртқа жібермей отырғанын айтып, көлікте отырғандармен сөйлеспекші болады. Бірақ көліктегілер шықпай қояды.
Қымбатшылық болмасын, қосымша құн салығы қымбаттамасын дегеннің несі айып? Неге соны маған айтуға мүмкіндік бермейсіңдер? Өздеріңнің жалақыларың жете ме өздеріңе? деп сұрайды. Бірақ көліктегілерден жауап болмайды.
Бұған дейін шетелде жүрген экс-банкир Мұхтар Әблязов жақтастарын митингіге шығуға шақырған.
Ішкі істер министрлігі ұстауларға түсініктеме бермеді.
Әблязов құрған Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысын Қазақстан соты экстремистік ұйым деп танып, ел аумағында қызметіне тыйым салған. Ізінше Көше партиясы ұйымы да елде тыйым салынған ұйымдар қатарына енген. Десе де, Еуропарламент аталған екі қозғалысты бейбіт оппозициялық ұйым деп атаған.
Оппозиция митинг өтеді деп алдын ала белгілеген күннің қарсаңында белсенділерді полицияға шақырту, ұстап әкету, қамау – Қазақстанда авторитар жүйе орнықтырған бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев билігі тұсында үнемі қайталанатын жағдайға айналған. Биыл тамызда Марат Жыланбаевтың туған күніне орай марафон өтеді деген күні Қазақстанның түрлі өңірінде белсенділер мен құқық қорғаушылар ұсталған еді.Назарбаевтан билікті қабылдап алған қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы бекіткен бейбіт жиындар туралы жаңа заңды құқық қорғаушылар халықаралық стандарттарға сай емес, бейбіт жиын өткізуге жергілікті әкімдік рұқсат беру керек деген бұрынғы заңдағы талап сол күйі қалды деп сынға алды. Белсенділер жергілікті әкімдік митинг өткізуге рұқсат бермес үшін түрлі сылтау ойлап табатынын айтады. Ондай сынға келіспейтін Астана митинг туралы жаңа заңды демократиялық мазмұнда деп атап, оны қабылдағаннан кейін Қазақстанда бейбіт жиындар бірнеше есе көбейді дейді.
Saturday 1 November 2025
azattyq - 6 days ago
Митинг қарсаңында және Республика күні Қазақстанның түрлі өңірінде ұсталғандар 30-ға жуықтады
53-летний Яромир Ягр набрал первый результативный балл в 38-м сезоне в профессиональном хоккее
- nur.kzВСУ сбили более 200 российских беспилотников. Под удар попали предприятия в Черниговской и Полтавской областях
- ca-newsМошенники и рабство: Генпрокуратура обратилась к казахстанцам из-за опасных вакансий в Сети
- nur.kzРаботали под видом такси: полиция заявила о ликвидации ОПГ сутенеров в Костанайской области
- nur.kzПожар на горнолыжном курорте Турции, где погибли 78 человек: 11 фигурантов получили пожизненные сроки
- ca-newsХочу жить жобасы Ресей әскері жағында соғысып, қаза болды деген 143 қырғыз азаматының тізімін жариялады
- azattyq«Сами себя закапываем в яму». Хоккеист «Барыса» высказался о третьем поражении подряд в КХЛ
- sportsВ Узбекистане честно назвали победителя противостояния с Казахстаном в боксе на Азиаде-2025
- sportsХотела помочь семье: в Актау мать 10 детей наказали за то, что ее 17-летняя дочь пошла работать
- ladaПо улыбке можно вычислить высокий риск внезапной смерти — сенсационное исследование китайских ученых
- ladaHashtags:
Митинг
|қарсаңында
|Республика
|Қазақстанның
|түрлі
|өңірінде
|ұсталғандар
|жуықтады
|⁞
