Thursday 30 October 2025
Home      All news      Contact us      RSS      казахский
azattyq - 4 days ago

Қырғыз соты боксшының бұрынғы әйелін сырттай қамау туралы шешім шығарды

Қырғызстан астанасы – Бішкектің Бірінші май аудандық соты боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволды сырттай қамауға алу жөнінде шешім шығарды. Бұл туралы 25 қазанда Бішкек қалалық милициясы хабарлады. Мұндай шешімге Екатерина Биволдың 21 қазанда әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеосы себеп болды. Бейнежазбада ол қырғыз бен қазақты қорлайтын сөз айтқан. Бішкек қалалық ІІБ тергеу қызметі Қырғызстанның Қылмыстық кодексінің 330-бабы — Нәсілдік, этностық, ұлттық, діни немесе аймақаралық араздық (өзгеше ойлау) туғызу бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл бап бойынша бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қырғызстан ішкі істер министрлігінің тұжырымы бойынша, Биволдың сөзінде ксенофобия белгілері бар. Бірінші май аудандық сотының тергеу судьясы 1990 жылы туған күдікті Екатерина Биволды сырттай қамауға алып, оны Бішкектегі №21 тергеу изоляторына жіберуге шешім қабылдады. Бұған дейін Қырғызстандағы бес адвокат қоғамға үндеу жасап, Екатерина Биволдың үстінен іс қозғатуға және оның сөзіне құқықтық баға беруге дайын екенін мәлімдеген. Олар Ресейге дейін барып, Биволды жауапқа тартуға күш салатынын айтқан. Ресей азаматтығы бар Қырғызстан тумасы Екатерина Бивол — жартылай ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі.


Latest News
Hashtags:   

Қырғыз

 | 

боксшының

 | 

бұрынғы

 | 

әйелін

 | 

сырттай

 | 

қамау

 | 

туралы

 | 

шешім

 | 

шығарды

 | 

Sources