Қазақстан азаматтық қоғамының өкілдері Польшада тыңшылық күдігімен ұсталған қазақстандыққа қатысты Еуроодақ пен Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясына (ПАСЕ) қайрылып, үндеу жасады.
Үндеу авторлары Қазақстан арнайы қызметінің Кремльге  жүйелі тәуелділігі  туралы айтып, ұсталған қазақстандықтың кейсі соған дәлел екенін атап өткен. Олар Қазақстанның өз ішінде тәуелсіз ойлайтын, пікірін ашық айтатын азаматтарды қудалау жүріп жатқанын алға тартып, Еуроодақ пен ПАСЕ, ЕО үкіметтері  тыңшылық күдігіне ілінген офицерді Ақордаға құтқаруына көмектеспеуі керек деп санаймыз  деп жазды.
 Әнуар Бәкібайдың (БАҚ ұсталған адамның аты-жөнін осылай деп атайды - ред.) ісі бойынша кез келген әрекет қазақстандық саяси тұтқындар: Марат Жыланбаев, Думан Мұхаммедкәрім, Әйгерім Тлеужанова, Аслан Өтепов, Ержан Елшібаев, Айдар Сыздықов, Данат Намазбаева, Данияр Әділбеков, Махамбет Әбжан және құқық қорғаушылардың тізіміне енген өзге де азаматтарды босатумен тікелей байланысты болуы керек  деп жазылған үндеуде.
Үндеуге танымал журналистер мен құқық қорғаушылар, қоғам белсенділері қол қойған.
Биыл шілдеде Польшада “тыңшылық” күдігімен қазақстандық әскери атташенің көмекшісі ұсталғаны белгілі болған еді. Қазақстан қорғаныс министрлігі Польшада қазақстандық әскери атташенің көмекшісі ұсталғанын растаған, бірақ нақты не үшін ұсталғанын айтпаған.
БАҚ-тың жазуынша, оның аты-жөні Әнуар Бәкібай. Шамамен 30-35 жаста. Екі баласы бар, бірі Киевте туған. Ресейдің әскери оқу орнын бітірген.  Бәсе  оппозициялық арнасы оның Павлодар тумасы екенін жазды.
Польша билігінің айтуынша, күдікті “Польша мен оған одақтас әскери құрылымдарына қатер төндіру мақсатында тыңшылықпен айналысқан”. Польша прокуратурасының мәліметінше, күдікті биыл 15 наурыз бен 30 шілде аралығында Варшава мен Польшаның солтүстігіндегі Быдгощ қаласында “тыңшылықпен айналысқан”. Күдікті өзіне тағылған айыптарды мойындамаған.
				Thursday 30 October 2025			
						
		azattyq - 14 hours ago 
Азаматтық қоғам өкілдері Польшада тыңшылық бойынша ұсталған қазақстандыққа қатысты ЕО-ға үндеу жасады
 Latest News
 Latest News 
 «Два года назад на базе готовили в мультиварке макароны». Стало известно о «сказке» футболиста «Кайрата»
- sports 
 Ученые нашли Содом и Гоморру: археологи обнаружили доказательства существования библейских городов
- lada 
 «Нужно что-то выиграть, а не только спасать!». Руслан Юденков рассказал о спасении «Атырау» и своих планах на следующий сезон
- sports 
 У «Кайрата» сработал план Б, но «Астана» была на другом уровне. Топ-5 самых результативных трио КПЛ-2025
- sports
Вице-спикер парламента Булгантуяа может быть лишена мандата по инициативе фракции Демпартии
- ca-news
Израиль нанес удары по Газе. До этого он обвинил ХАМАС в нарушении перемирия и обмане по поводу останков заложников
- nur.kz
Переносчик гепатита С и COVID-19 : зараженные обезьяны оказались на свободе после ДТП в США
- nur.kz
Какое место занимает Казахстан в медальном зачете по итогам десятого дня юношеской Азиады-2025
- sports 
 Бросился с ножом : полицейскому пришлось выстрелить при задержании компании на севере Казахстана
- nur.kz 
 Трамп после встречи с лидером Китая: оценка 12 из 10 , тарифы снизят, по войне в Украине будут работать вместе
- nur.kz 
 Қорғау ма, қорқыту ма? Қазақстан депутаттары ЛГБТ пропагандасын тыятын норманы тағы ұсынды
- azattyq Sources
 Sources