Ресейлік әнші Akmal-дың Қазақстанның екі қаласындағы концерттері өтпейтін болды. Бұл жөнінде концерт ұйымдастырушылары хабарлады. Мұның алдында әнші сахнадағы сөзі үшін қазақстандықтардың сынына қалған.
27 қазан – Өскеменде, 28 қазан – Павлодарда өтетін Akmal-дың концерттеріне билет алғысы келген адам ресми сайттан Концерт болмайтын болды, ақшаны қайтару бойынша ақпаратты кейінірек хабарлаймыз деген жазуды оқиды. Мұның алдында әнші Instagram-парақшасында Өскемен қаласында түсірілді деген сторис жариялаған. Екі қаладағы концерттер неге болмай қалғаны түсіндірілмеді.
Әншінің 25 қазанда Қостанайдағы Жастар сарайында өтеді деп жоспарланған концерті де болмай қалған. Билет сатылатын сайтта 25 қазан таңертең Жастар сарайында апатты жағдайда электр жарығы сөніп қалғандықтан... концерт кейінге қалдырылады деп жазылған.
Желіде таралған видеода далада жиналған жұрт алдына шыққан Akmal концерт өтпейтініне ешкім кінәлі емес екенін айтады. Қазір жарықты қосса, жарты сағат ішінде дайындалып, ән салып берер едік. Өкінішке қарай, техникалық жағынан бұл мүмкін емес дейді әнші.
Жергілікті ақпарат құралдары мұның алдында Қостанай әкімдігі қаланың кей аудандарына электр энергиясын жеткізуде қиындықтар болып жатқанын хабарлаған бірақ кейін тек филармониядан басқа жерде электр энергиясын беру қалпына келтірілгенін айтқан. Наш Костанай басылымының жазуынша, қалада Akmal-дың екі концерті өтуі тиіс еді.
Бұдан бұрын Akmal-дың Петропавлдағы концертте көрермен берген сыйлыққа реакциясы көп сынға қалған. Әнші көгілдір және сары түсті пакетке салынған сыйлықты алып жатып Мына пакетті жағып жіберіңізші, түсі ұнамай тұр дейді.
Оның бұл сөзі қазақстандықтардың шамына тиген. Кейбіреулер Akmal сыйлықты Украина туының түсіне ұқсатып, ол елге деген қарсылығын білдірді десе, басқалары ол Қазақстанның мемлекеттік символдарын сыйламады деп реніш білдірген. Желі қолданушылары арасында оның концерттерін өткізбеу керек деген пікір көп айтылған.
Akmal – Түркіменстаннан шыққан, тегі ұйғыр әнші Акмал Қожаниязовтың сахналық есімі. Ресейдегі ән байқауларына қатысып, сол елде танылған әнші көбіне орыс тілінде ән шырқайды.
Saturday 1 November 2025
azattyq - 5 days ago
Сынға ұшыраған әншінің Қазақстандағы концерттері өтпейтіні хабарланды
В Узбекистане честно назвали победителя противостояния с Казахстаном в боксе на Азиаде-2025
- sportsХотела помочь семье: в Актау мать 10 детей наказали за то, что ее 17-летняя дочь пошла работать
- ladaПо улыбке можно вычислить высокий риск внезапной смерти — сенсационное исследование китайских ученых
- ladaОтсутствие детского QR-кода для оплаты проезда в автобусах вызвало недовольство жителей Актау
- ladaНаши спортсмены среди лучших в тюркском мире: Казахстан завоевал 13 медалей в турнире по бочча в Актау
- ladaWhatsApp наконец-то «переехал» на запястье: владельцы Apple Watch получат долгожданное приложение
- ladaКурс доллара в Казахстане пробьет отметку в 600 тенге — Halyk Finance раскрыл, что случится в 2026 году
- lada«Морда не подходит» для получения ЭЦП — что случилось с электронным правительством в Казахстане
- ladaCOVID покажется детским лепетом: врач предупредил о реально опасном вирусе — умирает каждый десятый
- lada36-летний руководитель отдела акимата в Атырауской области покончил с собой — причины выясняются
- ladaНе признала жениха : девушка, похищение которой попало на видео в Таразе, прервала молчание
- nur.kz
Каждый казахстанец сможет получать пожизненную пенсию: ЕНПФ раскрывает новую идею модели «4+1»
- lada
В Казахстане с 1 ноября вступает в силу новая методика расчета воды: кто и за что будет платить
- lada
Казахстан решил вопрос дефицита топлива, договорившись о беспошлинных поставках из России до 2028 года
- lada