Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылға қарай Қазақстан елдегі шетел студенттерінің санын 100 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр деп мәлімдеді. Қазір елде 31 мыңнан астам шетел студенті оқып жатыр және бұл бұрын-соңды тіркелмеген рекордтық көрсеткіш . Бұл жөнінде Тоқаев жұма күні Қазақстан – академиялық білім аймағы форумында айтты.
Оның сөзінше, виза режимі оңтайландырылып, шетелдіктердің алаңсыз білім алуына барынша қолайлы жағдай жасалады . Үздік түлектердің Қазақстанда тұрақтап қалуына мүмкіндік беретін жұмыспен қамту бағдарламасы да іске қосылады.
Президенттің сөзінше, қазір 40 жетекші университетімен серіктестік орнатылып, елде шетелдік жоғары оқу орындарының 33 бөлімі ашылған .
Көптеген филиалда оқу ағылшын, орыс, қытай тілдерінде жүргізіледі. Бұл – аса маңызды. Өйткені білім беру саласындағы көптілділік адамдардың немесе университеттердің, тіпті, тұтас мемлекеттердің ашықтығы мен бәсеке қабілеттілігінің негізін қалайды. Келешекте де солай болмақ. Оған еш күмән жоқ деді Тоқаев.
Оның айтуынша, бұған қоса барлық бөлімшеде қазақ тілі мен Қазақстан тарихы міндетті пән ретінде оқытылады.
Бұл шетелдік студенттердің мәдениетіміз бен менталитетімізді терең түсінуіне көмектеседі деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан 2021 жылы шетелдік жоғары оқу орындарының филиалын ашу жобасын бастаған. Тоқаев былтырғы қыркүйектегі жолдауында елде шетел университеттерінің 23 бөлімшесі барын айтқан. Бір жылдан астам уақыт ішінде он бөлімше ашылып отыр.
Биыл Азаттық көктемде Қазақстанда ширек ғасырға жуық лицензиясыз жұмыс істеп келген ресейлік Челябі мемлекеттік университетінің филиалын заңдастыру жұмысы қарқын алғанын жазған. 2024 жылғы қарашада Ресей президенті Владимир Путиннің Астанаға мемлекеттік сапары кезінде Қазақстан мен Ресей үкіметтері филиал жұмыс жұмысын реттейтін келісімге қол қойған. Биліктің түсіндіруінше, Ресейде 90 мыңға жуық Қазақстан студенті оқиды, осы көрсеткішті төмендету мақсатында ресейлік оқу орындарының бөлімшелері елде ашылып жатыр.
Saturday 1 November 2025
azattyq - 15 hours ago
Қазақстан 2029 жылға қарай шетел студенттерінің санын 100 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр
В Узбекистане честно назвали победителя противостояния с Казахстаном в боксе на Азиаде-2025
- sportsХотела помочь семье: в Актау мать 10 детей наказали за то, что ее 17-летняя дочь пошла работать
- ladaПо улыбке можно вычислить высокий риск внезапной смерти — сенсационное исследование китайских ученых
- ladaОтсутствие детского QR-кода для оплаты проезда в автобусах вызвало недовольство жителей Актау
- ladaНаши спортсмены среди лучших в тюркском мире: Казахстан завоевал 13 медалей в турнире по бочча в Актау
- ladaWhatsApp наконец-то «переехал» на запястье: владельцы Apple Watch получат долгожданное приложение
- ladaКурс доллара в Казахстане пробьет отметку в 600 тенге — Halyk Finance раскрыл, что случится в 2026 году
- lada«Морда не подходит» для получения ЭЦП — что случилось с электронным правительством в Казахстане
- ladaCOVID покажется детским лепетом: врач предупредил о реально опасном вирусе — умирает каждый десятый
- lada36-летний руководитель отдела акимата в Атырауской области покончил с собой — причины выясняются
- ladaНе признала жениха : девушка, похищение которой попало на видео в Таразе, прервала молчание
- nur.kz
Каждый казахстанец сможет получать пожизненную пенсию: ЕНПФ раскрывает новую идею модели «4+1»
- lada
В Казахстане с 1 ноября вступает в силу новая методика расчета воды: кто и за что будет платить
- lada
Казахстан решил вопрос дефицита топлива, договорившись о беспошлинных поставках из России до 2028 года
- lada