Өзбекстанда неміс тілі танымал болып барады. Оған негізінен ересек адамдар қызығушылық танытып жатыр: өзбек азаматтары мигранттардың құқықтары жиі бұзылатын Ресейге балама бағыт іздеп жатыр.
Ташкентте неміс тілін үйреніп жүрген ересек азаматтар тілдің оңай тимей жатқанын мойындайды.
Неміс тілін үйрену мен ойлағаннан әлдеқайда қиын болып шықты. Кейде Wegen des Unterrichts habe ich keine Zeit, oder? – Сабаққа бола менде дым уақыт жоқ деп қалжыңдаймын. Сабақтарға көп уақыт кететіні соншалықты отбасы, үй шаруасы, балаларға мүлде уақыт қалмай қалады дейді тіл курсына барып жүрген Ташкент тұрғыны Умиджон Әлижонов.
Оның мамандығы — фельдшер. Ол медициналық білімі бар адамдардан құралған топта оқиды. Олардың барлығы Германияда өз мамандықтары бойынша жұмыс істегісі келеді. Сондықтан тіл курсында медициналық терминдерді меңгеруге ерекше назар аударылады.
Бастапқыда сабақ қалай болар екен деп уайымдадым. Әлі оқып жатырмын, бірақ маған өте ұнайды – тілді жаман меңгермеген сияқтымын. Бірақ сонда да бөтен елге барасың, бөтен адамдар, бөтен мәдениет пен дін – бәрібір көп алаңдайсың екен дейді Ташкентте тұратын медбике Малика Махкамова.
Бұл азаматтардың барлығы жоғары білікті өзбек азаматтарын жұмысқа қабылдау көші-қон бағдарламасы бойынша Германияға баратын алғашқы топ.
Шынымды айтсам, бірінші кезекте жалақы жағына қызықтым. Бірақ бала кезден әлемді көріп, саяхаттауды армандайтынмын. Әлі күнге дейін бұл арманымды әлі орындай алмадым. Ал осы жоба керемет мүмкіндік - қаржы жағынан да деді медбикенің көмекшісі Шахноза Гүлмұротова.
Өзбек азаматтарын Еуропа елдеріне ақша табуға жіберуге өзбек үкіметі күш салып отыр. Ресейде мигранттарға қарсы көңіл-күй өршіп, мигранттарға қатысты заңнама қайтатылған шақта және ресейлік күштік құрылымдардың өзбек азаматтарына қатысты заңсыз әрекеттері жиілеген тұста ресми Ташкент өз азаматтарының көші-қон бағытын әртараптандыруға тырысып жатыр.
Әртараптандыруға келсек, бұрын еңбек көші-қоны негізінен ТМД елдерімен байланысты болатын, ал қазір ол Еуропаға қарай ауып барады. Басты себебі – Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев жүргізіп отырған саясат дейді Өзбекстан көші-қон жөніндегі агенттіктің халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі Бобыр Уәлиев.
Бір жыл бұрын жасалған келісімге сай, Германия Өзбекстан азаматтарының неміс компанияларына орналасу жолын жеңілдеткен.
Өзбекстан азаматтары енді көлік және логистика, денсаулық сақтау, құрылыс және өнеркәсіп салаларында жұмыс істей алады.
Германия билігі Өзбекстан азаматтарының визаны рәсімдеу процедурасын да жеңілдеткен, алайда жұмысқа аттанбай бұрын арнайы оқыту бағдарламаларынан өтуі керек. Алғашқы кезеңде Берлин Ташкентке 50 мың жұмыс орнын ұсынған.
Настоящее время арнасының материалы.
Monday 3 November 2025
azattyq - 1 days ago
Өзбекстан тұрғындары неміс тілін үйреніп жатыр: Германия осы ел азаматтарына 50 мың жұмыс орнын бөлген
Губит рощу, губит деревья : в акимате Алматы отреагировали на критику благоустройства рощи Баума
- nur.kzВсе заправки закрыты : в Минэнерго ответили на жалобы казахстанцев из-за отсутствия автогаза
- nur.kzҚазақстанда кредит бюролары мен салық органдары арасында дерек алмасудың жаңа тетігі енгізілмек
- azattyqВ ночь на понедельник Россия атаковала Украину 138 дронами, а также баллистическими ракетами, - ВСУ
- ca-news⁞
