Украинаға алдағы күндері екі зениттік Patriot жүйесі жеткізіледі. Германия бұларды тасымалдауға тамыздан бері уәде берген. Бұл жөнінде Germany Aid to Ukraine жобасы X желісінде хабарлады. Тасымалдауды Дания, Литва және Норвегия қаржыландырған.
Кешен АҚШ президенті Дональд Трамптың шілдедеде таныстырған жаңа жобасы аясында беріледі. Оған сәйкес, Еуропа елдері Украинаға қару жеткізуді жалғастыра бермек, бір мезетте АҚШ-тан жаңа қарулар алу арқылы өз арсеналдарын толтырып отырмақ.
Шілде соңында The Washington Post басылымы Германия Украинаға үш Patriot жүйесін бергенін жазған. Кейін Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Киевке тағы екі жүйе беруге дайын екенін, Украинаға осындай кемінде бес жүйе қажетігін алға тартқан.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне қарсы. Кремльдің мәлімдеуінше, Киевке қару тасымалдау майдандағы жағдайды өзгертпейді және Мәскеуді талаптарынан бас тартуға итермелемейді.
Monday 3 November 2025
azattyq - 1 days ago
Украина алдағы күндері Германиядан екі Patriot жүйесін алады
Губит рощу, губит деревья : в акимате Алматы отреагировали на критику благоустройства рощи Баума
- nur.kzВсе заправки закрыты : в Минэнерго ответили на жалобы казахстанцев из-за отсутствия автогаза
- nur.kzҚазақстанда кредит бюролары мен салық органдары арасында дерек алмасудың жаңа тетігі енгізілмек
- azattyqВ ночь на понедельник Россия атаковала Украину 138 дронами, а также баллистическими ракетами, - ВСУ
- ca-news⁞
