Украинаның мемлекеттік «Хочу жить» жобасы Украинадағы соғыста Ресей әскері қатарында соғысып, қаза болған немесе із-түзсіз жоғалған өзбек азаматтарының тізімін жариялады. Онда 481 адамның аты-жөні бар.
Жоба авторларының айтуынша, қаза болғандар мен жоғалғандар саны бұдан да айтарлықтай көп болуы мүмкін.
 Өзбекстан қазіргі кезде Ресей қарулы күштеріндегі біз анықтаған шетел жалдамалыларының саны жағынан бірінші орында тұр. Украинаға қарсы соғысқан немесе соғысып жатқан кемінде 2715 өзбек азаматының аты-жөні белгілі, ал олардың саны барған сайын артып жатыр. 2023 жылы келісімшартқа 498 өзбек, 2024 жылы — тағы 941 адам қол қойған. 2025 жылдың алғашқы алты айында шамамен 1 300 өзбек азаматы Ресей әскері қатарында соғысқа аттанған. Бұл бізге белгілісі ғана  деп жазылған жобаның хабарламасында.
 Хочу жить  дерегінше, тұтқынға түскен шетел азаматтары жағынан да Өзбекстан бірінші орында тұр.
 Бұған таңғалуға болмайды. 2025 жылдың өзінде Ресейге 1,8 млн өзбек барған. Басым бөлігі еңбек мигранты ретінде барады, бірақ барлығы жұмыс таба алады деп айту қиын. Қазір Ресей шабуыл кезінде  құрбандыққа шалатын  адамдарға зәру. Бұл Ресейге орасан зор адам шығынын әкеліп жатқан өнімсіз тактика. Десе де, оған мұндай  шабуылшылар  әрдайым көп керек  деп жазды жоба авторлары.
12 тамызда «Хочу жить» келісімшарты аяқталса да, Ресей әскері жібермей отырған жалдамалылар саны жөнінде мәлімет жариялаған. Ондағы дерекке қарағанда, Ресей жағы келісімшарты аяқталса да, 426 өзбек азаматын жібермей отыр.
Өткен аптада Азаттық Азия соғысқа тартылған 23 жастағы Әкбар Құрбоновтың оқиғасын жазған. Ол Украинадан видеомәлімдеме жасап, өзін Ресей әскері қатарында соғысуға мәжбүрлегенін айтып, Өзбекстан билігінен көмек сұраған. Жас жігіт соғыстан қашқысы келетін жалдамалыларды атып тастап жатқанын да айтқан.
Өзбекстан билігі әзірге видеомәлімдемеге реакция білдірмеді.
				Thursday 30 October 2025			
						
		azattyq - 12 hours ago 
Хочу жить Украинадағы соғыста қаза болды деген өзбек азаматтарының тізімін жариялады
 Latest News
 Latest News 
 «Два года назад на базе готовили в мультиварке макароны». Стало известно о «сказке» футболиста «Кайрата»
- sports 
 Ученые нашли Содом и Гоморру: археологи обнаружили доказательства существования библейских городов
- lada 
 «Нужно что-то выиграть, а не только спасать!». Руслан Юденков рассказал о спасении «Атырау» и своих планах на следующий сезон
- sports 
 У «Кайрата» сработал план Б, но «Астана» была на другом уровне. Топ-5 самых результативных трио КПЛ-2025
- sports
Вице-спикер парламента Булгантуяа может быть лишена мандата по инициативе фракции Демпартии
- ca-news
Израиль нанес удары по Газе. До этого он обвинил ХАМАС в нарушении перемирия и обмане по поводу останков заложников
- nur.kz
Переносчик гепатита С и COVID-19 : зараженные обезьяны оказались на свободе после ДТП в США
- nur.kz
Какое место занимает Казахстан в медальном зачете по итогам десятого дня юношеской Азиады-2025
- sports 
 Бросился с ножом : полицейскому пришлось выстрелить при задержании компании на севере Казахстана
- nur.kz 
 Трамп после встречи с лидером Китая: оценка 12 из 10 , тарифы снизят, по войне в Украине будут работать вместе
- nur.kz 
 Қорғау ма, қорқыту ма? Қазақстан депутаттары ЛГБТ пропагандасын тыятын норманы тағы ұсынды
- azattyq Sources
 Sources