Sunday 12 October 2025
Home      All news      Contact us      RSS      казахский
azattyq - 18 hours ago

Zeit: Асад Москва-Сити орталығында тұрады және онлайн-ойын ойнап та уақытын өткізеді

Ресейді паналаған Сирияның биліктен кетірілген президенті Башар Асад отбасымен бірге Москва-Сити орталығында тұрып жатыр. Онда оған шамамен 20 пәтер тиесілі. Бұл жөнінде ұзақ уақыт Асадтың айналасында болған дереккөзге сүйенген немістің Die Zeit басылымы жазды. Басылым Мәскеу орталығындағы екі биік мұнарадан тұратын кешеннің ( Город столиц ) суретін жариялады. Асадқа тиесілі пәтерлер 76 қабатты сол жақ мұнарада орналасқан. Басылымның жазуынша, Асад астында сауда орталығы бар көпқабатты үйдегі сән-салтанатты үш пәтерде тұрады , кейде сауда орталығына барып тұрады. Ал қалған уақытта бірнеше сағат бойы онлайн-видеоойын ойнайды. Ол сонымен бірге Мәскеу түбіндегі вилласына да жиі барып тұрады дейді дереккөз. Оның айтуынша, Асадтың отбасы оққағарларымен бірге Мәскеуде еркін жүре алады . Басылым дереккөзінің айтуынша, Башар Асадтың інісі Махер Four Seasons қонақүйінде тұрады. Дереккөз мұны өте сенімді дереккөздерден білетінін айтты. Бірақ Die Zeit мұны тексеру мүмкін емес екенін жазды. 2019 жылы Financial Times Башар Асадтың туыстары Москва-Сити кешенінен кемінде 19 пәтерді сатып алғанын жазған. Келісім жасасқан кезде негізінен офшорлық компаниялар қолданылған. Газеттің жазуынша, жылжымайтын мүліктер ресми түрде бірнеше ливандық офшор компаниясына тиесілі.


Latest News
Hashtags:   

Москва

 | 

орталығында

 | 

тұрады

 | 

онлайн

 | 

ойнап

 | 

уақытын

 | 

өткізеді

 | 

Sources